PARAQTA

Көмек

Сұрағың, ұсынысың не ақау туралы хабарың болса, жаз:
erdaulet@paraqta.kz
Әдетте 1–2 жұмыс күні ішінде жауап береміз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалай тіркелемін?

Apple, Google, Telegram немесе телефон нөмірі арқылы кіре аласың. Сайтта бұрыннан аккаунтың болса, сол тәсілмен кір — оқу тарихың сақталады.

Оқу сериям (стрик) үзіліп кетті

Серия күн сайын кемінде бір рет оқығанда жалғасады. Ауырған не жол жүрген күні «мұздатуды» қолдан. Жүйе ақауынан үзілді деп ойласаң, поштаға жаз — тексеріп, қалпына келтіреміз.

Виджетті қалай қосамын?

iPhone-ның басты экранын басып тұр → «+» → PARAQTA → «Шырақ» виджетін таңда.

Жүктеген кітабымды басқалар көре ме?

Жоқ. Өз сөреңе жүктеген EPUB/PDF файлдарын тек сен көресің, олар ешқайда таратылмайды.

Біреу дөрекі жазды не спам таратты

Пікірдің не жазбаның жанындағы «⋯» мәзірінен «Шағым» не «Бұғаттау» таңда. Шағымдар 24 сағат ішінде қаралады.

Аккаунтымды қалай өшіремін?

Профиль → Баптаулар → Аккаунт → «Аккаунтты өшіру». Өтініш 30 күн ішінде орындалады.

Құпиялық саясаты · paraqta.kz

Support (English)

PARAQTA is a reading-habit app for Kazakh readers. For questions, bug reports or account deletion requests, email erdaulet@paraqta.kz. We usually reply within 1–2 business days.

Delete your account in the app: Profile → Settings → Account → «Аккаунтты өшіру». Report or block another user from the «⋯» menu next to their content.