Streak, статистика, достар — тегін баста
Өте керемет
Мен үшін осы шығарма өте қатты ұнады біз үлкен болсақ та Сол Аянның ақылындай кейбір адамдарда бола бермейді себебі ол білімге келгенде өте аш болды.Әжесінен Ағасынан анасынан айырылды ол сонда да тік тұрып жүре берді оның Ер мінезді мінезінен үлге алу керек деп ойлаймын.Мен үшін Керемет шығармалардың бірі болды осы орта арқылы толығымен аяқтап оқыдым әйтпесе оқымайтын да едім мен өзіме физикалық кітаптар ұнады бірақ осы кітап ойымды кітап бәрі бір деген мағынағы өзгертті.Негізі ұтыс үшін емес оқу үшін қатысу керек.
маған бұл кітап таңсық емес, мектеп кезінде оқып, кейін бірнеше рет театрдағы қойылымында болдым. әйтсе де ол кезде бұл кітаптың мұңын күллі сезім санаммен ұқпаппын. қайта оқыған сайын, жүрегім бір сыздайды. соғыстың ызғары, заманның ащы болуы, қандай қиын. әлемдегі бейберекетсіздік, аштық сәбиді аясын ба? өзімді Аянның орнына қойып егіле жылап та алдым. бұл шығарма қандай қысқа болса, сондай биік құндылықтар жайлы сөйлейді. сәби жүректің өмірге құштарлығы, ақ пен қараның күресіне ерте араласқан балалар, туған жерге деген алаулаған сезім мен ыстық ықылас. асылында әр шығарманың атауы бірінші қызықтырады ғой, бұл шығарманың атауы да дәл қойылған. бір атаудың артында қанша күрес, махаббат, сағыныш, күйініш жатыр десеңші…
Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасы – соғыс кезіндегі ауыл өмірін және балалар тағдырын шынайы суреттеген әсерлі шығарма. Бұл әңгімеде автор соғыс жылдарындағы қиындықтарды, адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын және адамгершілік қасиеттерін көрсетеді. Шығармадағы басты кейіпкер – Аян. Оның тағдыры өте ауыр болғанымен, ол мейірімді, сабырлы және қиялшыл бала ретінде суреттеледі. Аянның достарына ертегі айтып беруі, олардың көңілін көтеруі оның жақсы жүректі екенін көрсетеді. Маған бұл шығарма өте ұнады, себебі ол адамды мейірімді болуға, достықты бағалауға үйретеді. Сонымен қатар соғыс жылдарындағы балалардың өмірін түсінуге мүмкіндік береді. Автор жусан иісін туған жердің, балалық шақтың белгісі ретінде өте әсерлі жеткізген. Қорыта айтқанда, «Жусан иісі» – тәрбиелік мәні бар, жүрекке әсер ететін шығарма. Бұл әңгіме оқырманды ойландырып, адамгершілікке тәрбиелейді.
“Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда таңдыр біздің қабырғамызға да бар зілін салды ғой. Сонда да болса басқамыздан гөрі Аянға қатты батып еді. Тағдыр оған дегенде ештеңесін аямады.” “Жусан иісі” жай ғана шығарма емес, сол зұлмат жылдардағы ауыл балаларын өмірін баяндайтын шығарма. Аянның өмірімен сол кездегі барлық балалардың балалалық шағы тәтті болмағаны баяндалады. Әр оқыған сайын бірінші рет оқығандай әсер аламын. Бұндай шығармалар бізге өткеннен сабақ ал, бұндай жағдайлар қайталанбасын дейтіндей.
Мен Сайын Мұратбектің "жусан иісі " атты ерекше кітабын осымен екінші рет тәмәмдадым. Қайта қайта оқи бергім келеді себебі адам баласына берер әсері өте көп. Адами болмысты қалыптастырады және оқырманды кітаптың бірінші бетінен-ақ қызықтырады. "жусан иісі" кітабы мен үшін тек бір баланың аянышты тағдыры емес, бұл кітап мен үшін оқырманның ойын түбегейлі өзгертетін туынды деп білемін. Осы кітапқа дейін көптеген кітаптарды оқыдым бірақ, осы "жусан иісі" кітабына рақметім өте көп. Барлық оқырманға оқуға, өз ойын өзгертуге таптырмас ғажап дүние деп білемін. Барлығыңызға осы кітапты оқуға кеңес беремін, тіпті қайтадан оқысаңыз да өкінбессіз.Керісінше бір оқығаннан байқамаған ерекшеліктерді екінші рет оқып байқауға болады. Әлі күнге дейін Сайын Мұратбекке алғысымды айтамын.
Мен Жусан иісі шығармасын оқығанда ерекше әсер алдым. Бұл шығарма маған соғыс жылдарындағы балалардың тағдырын терең сезінуге мүмкіндік берді. Әсіресе басты кейіпкер Аянның өмірі жүрегіме қатты әсер етті. Оның ауыр тағдырға қарамастан армандай білуі мен мейірімділігі адамды ойландырады. Шығарма барысында ауыл өмірі өте шынайы суреттелген. Балалардың қарапайым қуанышы, достығы және жусан иісі арқылы туған жерге деген сағыныш анық сезіледі. Оқиғаны оқи отырып, бейбіт өмірдің қадірін түсіну керек екенін ұқтым. Автор Сайын Мұратбеков кейіпкерлердің сезімін қарапайым тілмен жеткізе отырып, оқырманның жүрегіне жол таба алған. Бұл шығарма маған адамгершілік, төзімділік және достықтың маңызын тағы да түсіндірді.
Сайын Мұратбеков “Жусан иісі” повесі. Бұл повесті оқып отырып көзіне жас аласың, себебі аяныш сезімін тудырады. Басты кейіпкер Аян жетім бала. Өміріндегі қиындықтарға қарамай мықты болды, қиналып тұрсада сырт көзге оны сездіріп, өзің әлсіз көрсеткісі келмеді. Аян бойында ұнаған қасиеті оның сенімі. Басқа балаларға ертегі айтып, өзінің қиялындағы әлемге сапар шекті. Шығармадағы “Жусан иісі” баланың әкесіне, туған жеріне деген сағынышы. Соғыс кезінде дүниеге келген барлық балалардың сағынышы. Араға уақыт салып, оқып отыруға тұрарлық шығарма. ✨
Бұл кітап мені қатты ойландырды десем де болады. Сол бір соғыс кезеңдеріндегі зарлы үн, түпсіз терең мұңды экранның арғы жағынан сезіп отырасың. Өте керемет жазылған кітап деп есептеймін.Бұл повесть-Аянның төзімділігі, еркекке тән мінезі, кішкентай бала болса да үлкендерше ойланатыны, оның қиын тағдыры мен үміт құшағына еніп, ағасын майданнан келетініне сенуі. Мені жылатқан бір үзінді; қора төбесінде басқа баланың шылымының кесірінен Аянның ақымақ жын ұрған Тұржаннан таяқ жеуі еді. Осы повесьтен түйген ойым; әрбір қазақтың жүрегінде өз еліне деген патриоттық сезім болуы қажет. Себебі ата бабаларымыз осы еліміздің тәуелсіздік алуы үшін жанын берген.
Өте тез оқылған кітаптарымның бірі болды. Ең бірінші беттерінен ақ мені баурап алған шығарма. Жетімнің көрген қиындығын оқыған кезде жүрегім шырылдай түсті. Ауылдағы балалардың бір біріне шанасын беріп көмектескені өте керемет. Әсіресе, Аянның қандай қиын жағдай кешсе де, ертегілерін айтып, басқа балаларды да, өзін де қуанта алғаны ұнады.
кітап өте ұнады,мағыналы,тіпті жылатты,өте әсерлі😭😍
Аянның әжесі қайтыс болған кездегі сезімді өзім әкем өмірден өткенде түсіндім. Ауыр тиді. Бұрын бұл шығарманы неше рет қайталап оқысам да осы жолғысы басқаша әсер етті.
Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі — қазақ әдебиетіндегі соғыс зардабын баланың көзімен шебер жеткізген ең үздік шығармалардың бірі. Осы кітапқа қатысты қысқаша пікірім: Шығарманың негізгі түйіні: Бұл повесть — соғыс кезіндегі ауыл балаларының ерте есейген тағдыры туралы мұңды толғау. Басты кейіпкер Аянның бейнесі арқылы автор жетімдіктің ащы дәмін, сағыныш пен үміттің қатар жүретінін көрсетеді. Маған ұнаған тұстары: 1. Аянның ертегілері: Аян өзінің қиын тағдырына қарамастан, өзге балаларға ертегі айтып беріп, олардың қиялын ұштайды. Бұл — рухани мықтылықтың белгісі. 2. Жусан иісінің символы: Жусан — туған жердің, ата-анаға деген сағыныштың және соғыс кезеңінің ащы шындығының символы. Шығарманың атауы өте терең мағынаға ие. 3. Адамгершілік пен жанашырлық: Ауыл адамдарының, балалардың бір-біріне деген бауырмалдығы, қиын сәтте қол ұшын созуы шынайы суреттелген. Түйін: «Жусан иісі» — тек мұңды хикая емес, бұл — төзімділік пен адамдық қасиетті сақтап қалу туралы туынды. Оны оқығанда жүрегің сыздап, сол кезеңнің ауыр жүгін сезінгендей боласың. Кітап оқырманды мейірімділікке, барды бағалауға және өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелейді. Бағасы: Әрбір қазақ баласы оқуы тиіс классикалық шығарма.
Бір оқып жылап алдым
Өте керемет кітап❤️