Streak, статистика, достар — тегін баста
📖 соғыс кезіндегі өмірді ашық, қалай бар көрсеткен кітап, кеңес үкіметін жақсы сынады деп ойлаймын, бай мен кедей болмайды деп бастады, бәрін былай айтқанда кедейге айналдырды, билігі барларға байлық берді🌧 билігі бар адамдардың бәрі жаман демеймін, дегенмен де адам ішіндегісін көрсетеді ғой. 🎁 адамдардың ішіндегі жасырған бет-бейнесін ашқан кітап. кейбір кейіпкерлердің қайдағы бір уақыт ішінде өзгеріп шығуына таң қаласың. баланың ашық-мінезділігін, аңқаулығын, әділеттілік сезімі бар екенін жақсы көрсеткен🌹 💡 ауылдың күйін әдемі жеткізді, балалардың бір-біріне еруі, бірақ әділетті бола білуі. бір-бірін қорғаштап, бір-біріне жанашар болуы🍂 ⏺ сәбит ағаның шығармашылығымен алғаш танысып жатырмын, жалпы көлемі үлкен болса да, бір деммен оқылады, осындай кітапты жазып шығу, өмір шындығын көрсете білу - әдемі🩷 жабайы алма сәбит мұқанов
Кітап соғыс жылдарын баяндайды сол уақыттағы қиын кездер,Әсіресе Бағила тәтеге (Қанат пен Назира анасы)қиын соғады оның күйеуі соғыс кетіп оралмайды сол жақта қайтыс болады. Бұл кітап ең жаман кейіпкер Байдалы шал мен Ырысбек болады Бәрінен де Назира сүйгеніне қосыла алмайды Тоқтар соғысқа кетпегенде... Кітап өте қызықты оқуға кеңес беремін
Біз үшін көкемнің үйде қалған әрбір киімі баға жетпес қасиетті бұйым еді. «Апа, көкемнің пальтосын енді кім киеді?» -деп сұрағым келеді, бірақ сұрауға батпаймын. Өйткені көкемді сөз ету жанды жараның аузын тырнаумен бірдей. Ол туралы әрқайсысымыздың ішімізде жатқан құпия бар, мейлі қара қағаз келсе де жүрегіміздің түбінде сөнбеген үміт бар. — 202-бет