Заманай мен Аманай

С.Жүнісов

📖 10 оқырман оқыды · 6 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Мыналарды PARAQTA-да тегін оқи аласың

Оқырман пікірлері (2)

Кеңес өкіметінің пропагандасы екені айдан анық. Ол туралы кейінірек. Алайда көтерген ауқымды тақырыбы, тарихи маңызы, кейіпкерлері мен сюжеті бойынша сөз жоқ. Ауыр кітап, оқып отырып өз көзіммен сол заманды кешкендей сезімде боласың. Бастапқы кемшілігі: бергі жақта қалғандар озыпты, арғы жаққа кеткендер заманнан қалыпты. Иісті сезіп тұрсыз ба? Біртүрлі кеңестік иіс, иә? Толығырақ тереңінен түсіну үшін, оқып көріңіз.

Бұл хикаят оқырманды қызықтырып басталды. Келнінің тойға кеткенін пайдаланып немересін таң сәріде “Сәукеле” атты тауға қарай жетелейді. Оған дейін немересін сол тау жайлы аңыз айтып әбден қызықтырған еді. Сөйтіп екі жолаушы ауылын тастап тау асуға кетеді. Бұл сапардың мән-мақсатын автор әженің жастық шағына оралып еске түсіреді. 20-ғасырдың 30-жылдары қазақ жеріне “ұжымдастыру” соты басталған кез. Сол уақыттағы ауыл тіршілігі, “елім-ай” деп елін көштірген қазағымыз жайлы баяндалады. Балзияның(әже)жастық шағынан естеліктері. Махаббат, сатқындық, ар соты, кек қайтару. Мен құдды бір шығарма емес, кино көріп жатқандай күй кештім. Дегенмен, оқиға бұнымен аяқталмайды. Ар жағы екі жолаушының тағдыры, тауда өткізген күндері, әжейдің естеліктері, өкініштері суреттеледі. Балзияның мақсаты не? Бұл сапардың мәні не? Оның өкініші қандай? Ал баланың бұған не қатысы бар? Сұрақ көп, ал жауабын тек оқып біле аласыздар.