Streak, статистика, достар — тегін баста
Кітап енді керемет екен! Автор өте ізденімпаз, ашық жанды екені көрініп тұр. Қаржылай сауатты болудың алғашқы қадамы осы кітап арқылы басылайын деп тұр! Осындай телегей теңіз даналық пен тәжірибе арқылы айтылатын осы бір дана сөздер көңілге қонымды, миға сіңімді екен. Табысыңның 10/1 бөлігін жинау, 10/7 бөлігін керекті қаржыға жұмсау, ал қалғанын қарызға беру немесе жинаққа салу бұрындары миыма кіріп шықпаған нәрсе екен. Қарыз берерде кепіл алу, біреуге қол ұшын созамын деп оның жүгін арқаламау сынды жақсы әңгімелер бар. Бұның бәрі қарапайым нәрсе сияқты көрінгенмен ойлап қарасаң кәдімгідей маңызы бар. Рақмет, Джордж Клейсон!🙏🏻
Жалпы вавилондағы ең бай адам атты кітабы кейіпкерлерге бағыттай отырып жазылға кітап.Қаржылай дағдыны қалыптастыруда беретін кеңестері баршылық,бұл кітап бір ойды жан-жақта ашуға тырысқан.Оқуға жеңіл,беретін мағынаны,кейіпкерлерді ала отырып,болған оқиғаларымен баяндап жеткізеді.