Коллективная монография, посвященная истории Победы советского народа в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг., подготовлена в рамках работы Совместной рабочей группы историков Российской Федерации и Республики Казахстан. Авторами книги являются ведущие специалисты-историки, архивисты, музейные р…
Streak, статистика, достар — тегін баста
📚 Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» бұл кітапты алғаш 2023 жылдың қоңыр күзінде сүйсіне, көзге жас ала оқыған кездермен еске аламын. оқып отырып әр парақтаған сайын жаңа қырынан ашылатынына көзім жетті. әр оқыған сайын балалық шағым, балдәурен кездегі риясыз күлкі мен армансыз күндер бақыт құшағында өткендігін түсіндім. қазір ол күндерді сағына, елжірей еске аласың. қайран балалық шағымның аспаны. иә, балалық кезең тәтті ғой, шіркін. әр түйгенің мен көргенің, есте сақтағаның мен білгенің болашаққа, ересек өмірге көпір болып қаланады. үлкендерден алған өнеге, туғандарыңнан алған жылылық пен махаббат, сүйіспеншілік, бәрі-бәрі бала көңілде, жүрек түкпірінде мәңгі өшпес қалады. Мұндай ұядан ұшқан «балапан» Бауыржандай «қыран» болмауы, ұлы тұлға болып шықпауы мүмкін емес еді. әр көрген күні түйіп аларлық оқиғаға толы, әр қарым-қатынасы түртіп қоярлық кездерге толы Бауыржан өмірі бізге әрқашан үлгі болмақ. кітапты оқымас алдын көкейімде бір сұрақ жүретін: «балалық деген не? ішіңдегі бала жүректі қайтпек керек? оны тұншықтыру әділдікке сай ма? өзіңе жасалған зұлымдық емес пе?». дүниенің аяусыздығы, заманның сұмдығына бола іштегі бала көңілді сөндіріп, өлтіріп алудан сақтап жүргім келетін. алайда, кітапты оқып отырып, балалықты сақтау өте маңызды екенін түсіндім. тіпті, қатыгез, жауыз соғыс майданының қақ ортасынан қан кешіп өтіп, төрінде орын алсаң да өз отыңды өшірмеу балалық шағыңның алдындағы міндетің. оқып отырып, қайран қаламын... қалай? қалай осыншама адам өлімін, қанмайданды көрсе де, іштегі пәк сезімдерін былғатпады? йа, Бауыржан ата, сіз – биіксіз. сіз – асқарсыз. сіздей атамыз өмірде болғанына қазақ ел болып қуанамыз. сіздей атамыз барына мақтанамыз. «тәрбие басы – тал бесік» демекші, отбасындағы қандай тәрбие көргенің болашақта мінез-құлқың қандай боларына орасан әсер етеді. меніңше, әке мен ағаның орны ер бала үшін маңызды. олар сол адамға қарап, бой түзейді. Бауыржан атамыздың бойына Момыш әкесінің парасаттылығы, Момынқұл ағасының әдептілігі, апасының мейірімі, әпкесінің жылылығы дарыған. әсіресе, Момынқұл ағасы мен үшін ер жігіттің өзін ұстаудағы символына айналғандай. бала алдамайды, Бауыржан тіпті. қай оқиғасында еске алмасын, барлық оқиғада ағасының әдебі мен тәрбиелілігі жайлы айтады. бұл деген ағасының қаншалықты ұстамды екендігінің көрсеткіші емей не? қысқаша түйіндесем, осы. бұл жазбаны жазу барысында бір оқиға есіме түсіп кеткені. бірде әлеуметтік желіде «өмірде мүмкіндік берілсе, қай жазушымен кездесуді қалар едіңіздер?» деген сұраққа «мен кездесуді қалайтын адам менімен кездесуді қалар ма екен?» деп, Бауыржан Момышұлы атамызды еске алып едім. «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп аяқтадым. қалғанын келесі жолы баяндармын.
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы – жазушының балалық шағы мен отбасылық тәрбиесін суреттейтін көркем-деректі шығарма. Автор бұл еңбекте әжесі Қызтумас, анасы Разия және әкесі Момыштың адамгершілікке толы өнегесін ерекше ықыласпен баяндайды. Шығармада қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық тәрбие, үлкенді сыйлау, еңбекқорлық пен адалдық құндылықтары кеңінен көрініс тапқан. Тілі қарапайым әрі шынайы болғандықтан, оқырманға ой салып, тәрбиелік әсер береді. «Ұшқан ұя» – жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелейтін, өмірлік тағылымы мол құнды туынды.