Улуру 1-бөлім

Тұрсынбен Әлиұлы

📖 68 оқырман оқыды · 35 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Мыналарды PARAQTA-да тегін оқи аласың

Оқырман пікірлері (3)

📚”Улуру: Австралияда нең бар еді, құлыным?!” - Тұрсынбек Әлиұлы ▫️Qasym баспа үйі, Қарағанды, 2024 ▫️166 бет Нағыз кітап оқуды бастағысы кеп жүрген немесе кітап бетін ашуға ерініп жүрген адамға арналған кітап дер едім. Бас кейіпкер көрген шытырман оқиға қысқа да нұсқа әрі қызықты баяндалған. Аз уақытта бар Жер шарын шарлап, түрлі адам мен мәдениет, табиғат ғажайыптарынан хабар алып, Жаратқанның барына тағы бір куә болып, соңында жиһанкезбен бірге көзге жас алып, анасының құшағына, туған жердің құшағына барып құлайсыздар.

Улуру-Аустралияда орналасқан алып тастардың бірі. Жергілікті абопигендерге қасиетті орын болып саналады. Кітапты оқып отырып адамның тағдырындағы біз байқай бермейтін тұстарын байқадым. Кейіпкер өз пайымымен көп нәрсені түсіндірдіі. Басқа қоғамда өмір сүріп жүрген адамдар арқылы өз өміріндегі мәселелерге көп тоқталып ой түйді. Қазақ тілінде оқыған ең қызықты кітап болды. Оқып отырып Даниэль Дефоның Робинзон Крузосы еріксіз ойыма оралды. Бұл кітапты өзім “Қазақша Робинзон Крузо” деп атадым

Мына кітап Қазақтың ер азаматының Австралияға тойға бару жолында өз үйіне қайта алмай құлдыққа сатылып өте шым шытырман қауіп қатерден аман қалып өз еліне келуімен бітеді . Өте керемет кітап жылайтын да , күлетін де таңғалатын кездер де бар ішінде . Дәл мына кітапты оқыған адам мүлдем өкінбейді , уәде берем . Атақты автор болмаса да бүкіл құрлықты аралап , бүкіл мұхит өзеннен өткен ең бірінші бүкіл елді айналып шыққан қазақ азаматы туралы❤️