Streak, статистика, достар — тегін баста
Қалай оқиды
Өзің “қазақпын” деп санайтын әрбір адам “Ұлпанды” оқу керек. Бұл шығармада тектілік бар, тарих бар, қазақтың терең даналығы бар. Болыс-билердің көшбасшылығы, қазақ әйелінің даналығы, ер адамның жарына деген құрметі, пайым-парасаты биік екі жанның арасындағы сенім мен адалдық жайлы көрініс берген Ұлпанның тағдыры еді. Ұлпанды мен Ақбілек, Жамал сынды кейіпкерлердің қатарына қоспас едім. Ұлпан - бақытты кейіпкер. Оның бақыты ақылында, жомарт жүрегінде, асыл жарында, терең даналығында. Есенейді де мақтамай кетуге болмайды. Жұбайынан қырық жас үлкен болса да, кішірейе білді. Бір ауылдың болысымын деп Ұлпаның алдында ешқашан көкірегін кермеген, керісінше Ұлпанды биіктеткен. Ұлпанды “Ұлпан” қылған Есеней дер едім. Себебі, әйелдің бағы - ерінде. Әйелі ерінің кемшілігіне жанашырлықпен қарап, орынын жақсылықпен толтыра алса, ал ері соған ризашылығын білдіре алса - махаббат сол. Ер әйеліне сөздің жақсысын аямай, оған сенімділік ұялата алса - махаббат сол.
Мен қатты ойландыруға ұшыратқан кітаптардың бірі-Ұлпан. Мен өзімнің ішімде не болып жатқанын түсінбей жатырмын. Баста 60 жастағы шал мен 20 жастағы қыздың ерлі зайыпты болуын қабылдай алмаған болатынмын Бірақ олардың бір бірін еркелетуі, сөйлесуі, бір бірін қатты сыйлауы. Қазіргі ұрысып қырылысып жүретін жас ерлі зайыптылар артық па деп те ойладым. Ұлпан мені таңғалдырған кейіпкер. Мен мына кітаптан кейін бәлкім оны қадір тұтармын. Мейірімділігі мен ақкөңілдігіне, адамгершілігіне шек жоқ. Есенейдің ауылына келіп, көптеген кедей отбасыларға көмектесіп, Сибан руын бірте бірте бай ауылға айналдырды Ең ауыр болғаны мен үшін қызы қайтыс болсада, күйеу баласын жаңа әйелімен қабылдай алуы. Бұндай ерлікті екінің бірі қабылдай алмас шыны керек. Мен сол жерін оқыған да жылағым келді. Күйеу баласын баласындай көргені сонша әйелінде келініндей қабылдап, жүкті кезінде де көмектесе жүрді Менің шынымен жылағым келіп жатыр мына оқиғаларданӘсіресе ең қатты ауыр болғаны Біжікеннің әкесінің бейтінің басында сүре оқып оны ішкі сезімі арқылы сөзбен жеткізуі маған ең ауыр тиді. Сол кезде қуандым, себебі мен жалғыз емеспін, бауырларым бар, ата анам бар. Сол кезде қуандым мен әкенің махаббатын көре алғаныма, мені оның еркелетіп өсіргеніне. Біжікеннің ол кездегі қиналысын әкесінен ерте айырылғандар ғана түсіне алар бәлкім Маған мына кітап ауыр тиіп тұр. Ештеңе ойларымды білмеймін қазір, ештеңе айта алмаймын. Басында қызық емес деп ойлағам кітабым, қазір мені жылатып отыр" Сіздерге Ұлпан кітабын оқуды кеңес беретін едім, өте керемет кітап paraqta-мен қызықты кітаптар оқып дамиық 🫶🏻