Түйсігіңмен ойла

Джон Кехо

📖 18 оқырман оқыды · 8 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Мыналарды PARAQTA-да тегін оқи аласың

Оқырман пікірлері (2)

Қыркүйек айының 6-шы кітабы аяқталды. Кітап оқитын ұлт марафонының екінші кітабы. •Адамның ақылы көп нәрсеге жетуге, өзгертуге қабілетті. Сана адамға берілген үлкен нығмет. •Біз өмірдің сынақтарын қиындық емес, мүмкіндік ретінде көру қажетпіз. •Өзіміз туралы жақсы ойламаймыз, бірақ жақсы өмірге талпынамыз. Бұл-қате. Жақсылықты адам өзінен және ішкі өзінен бастау керек. Бай болғымыз келеді, бірақ көп шағым айтамыз, ауа-райына, күннің басталуы мен аяқталуына. Санамызға тек қана әлсіздікті құйып алып, Құдай әділетсіз дейміз. •Егер өміріңнің жақсарғанын қаласаң, өзіңнің санаңды жақсарт, өзің туралы ойыңды жақсарт

"Түйсігіңмен ойла" Джон Кехо Жанр: психология Кітап арқылы өз түйсігіңді басқару, шығармашылық қабілеттерді дамыту, көрген түсіңді дұрыс жору, визуализация әдісін сәтті қолдану, өзіміз қалайтын сананы қалыптастыруды үйренуге болады Мен менің істеп жатқаным маңызды мағынаға ие сияқты әрекет етемін ©Уильям Джеймс Барлығы жеңіске жеткенді жақсы көреді, бірақ барлығы бірдей еңбек еткенді жақсы көре ме? © Марк Спитц Адам өз ойын басқару арқылы көптеген жетістікке жете алады. Ми бізде қайсысы шындық, қайсысы қиял екенін ажырата алмайды. Сондықтан не айтса да, ойласа да сене береді. Адам қаншалықты ойын позитивті ойлады, соншалықты жетістікке жетеді. Түс көру, көрген түсіңді дұрыс жору да маңызды. Өміріңде пайда болған әр бір адам бекерден бекер пайда болмайды. Ол саған міндетті түрде бірдеңені үйретеді Жалпы кітап жақсы жазылған, бірақ бір оқығаннан түсінбеу мүмкін. Екі үш рет оқып, ол ойды ойланып, түсініп көру керек. Кітапты айтқан кеңестерді іске асыру керек Теория+ практика = нәтиже