Streak, статистика, достар — тегін баста
Бұл кітап өкініштің ауырлығын түсіндірді. Кіші болсын, үлкен болсын бәрібір, “мынаны жасамадым, ананы істемедім, сол кезде сөйтсем ғой” деген өкініштердің барлығы тек іштей жеп бітеді. Біз тек жасаған не жасамаған таңдауымызды ғана көріп, соған өкінеміз. Ал ол таңдаудың соңы не болары мүмкін екенін ойланбаймыз да. Өмір сүруге итермелеуші күштің махаббат екенін де үйретті. Жалпы кітапта біраз сәтке ойландырып тастайтындай кездер көп болды. Біреудің армандарын сүріп жатырмыз ба? деген сұрақ та туды. Кітап барысында Нораның өмірге деген көзқарасы ғана емес, біздің де өмірді қабылдауымыз өзгергендей. Миссис Элм айтпақшы “Өмірді түсінуге тырысып қажет емес. Оны жай ғана сүру қажет.”
Түн ортасындағы кітапхана - өмірдің мәні, таңдау мен мүмкіндіктер жайлы терең ойға жетелейтін ерекше кітап Кейде өміріміздің басқа арнаға бұрылғанын, өзге таңдау жасағанымызда бәрі басқаша болар ма еді деп ойлаймыз.Ал бұл кітап өмірдің қадірін білу, қолда бар мүмкіндіктерді бағалау және өткенге өкініп емес, бүгінгі күнмен өмір сүрудің маңызды екенін ұғындырады.
мен ойымды жинақтап алайын, қайта оралып мардымды пікір бөлісермін
Кітапты өзіміз тауып оқимыз ба , мында пдф түрін таба алмай жатырмын🥺
Кітап түйіні мені- Қазіргі сүріп жүрген өмірімізден мән мағына таба білу, қолда барды қадірлеу осы шақпен рахаттанып өмір сүруді үйретеді, кітаптағы Нораның басынан кешкен оқиғалары көрген өмірі сені ойландырмай қоя салуы мүмкін емес…
Жалпы, адам баласы тойымсыз ғой. Басымызға қиындық түсе қалса, бірден басқа адамдардың өміріне қызыға бастаймыз. Мен де сол адамның өмірін сүрсем, олай істер едім, бұлай істер едім деп ойлаймыз. Бірақ уақыт өте келе бәріне тәубе етіп, өз өміріміздің де қадірін түсінеміз. Бұл кітапта да дәл сондай оқиға айтылады. Өмірден үміті үзіліп, өзіне қол жұмсамақ болған кезде кейіпкер бір кітапханаға тап болады. Сол жерде оған өзі қалаған түрлі өмірді сүріп көруге мүмкіндік беріледі. Маған кітаптың негізгі ойы қатты ұнады. Оқуға тұрарлық кітап.
Өте жақсы кітап. Өмірді өкінбей қалай бар солай қабылдауға көмектескен кітап. 10/9
Шығарма өмірдің мәні мен таңдау табиғатын зерттейді. Адам санасы «басқаша таңдасам бақытты болар едім» деген ойға жиі оралады, бірақ бұл ой шексіз өкініш тудырады. Автор мүмкіндіктердің көптігі адамды еркін етпей, керісінше, шатастырып, жауапкершіліктен қашуға итермелейтінін көрсетеді. Әрбір балама өмірде қанағатсыздықтың басқа түрі бар, сондықтан мінсіз нұсқа болмайтыны айқындалады. Шығарманың негізгі түйіні — өмірдің құндылығы таңдау санында емес, бар өмірді қабылдай білуде. Бақыт өткенді түзетуде емес, қазіргі сәтке келісім беруде жатыр. Осы арқылы автор үмітсіздікке қарсы тұратын ең күшті құрал — өмірді сол қалпында мойындау екенін дәлелдейді.
Нұсқаларды таңдай аласың, нәтижесін емес. — 96-бет
Суға жүзгенде ең ұнайтыны - сүңгу еді. Су астында ойың тап-таза, тұнық, судан басқа ештеңені ойламайсың. Сабақ пен үйдегі мәселелер ұмыт болады. Суға жүзу өнері тазалыққа баулитын қасиетке ие. Жүзуге көп көңіл бөлген сайын басқаның бәрі ұмыт болады. Өзіңді ұмытып, ісіңе ғана ден қоясың. — 85-бет
Кітапханада тұрып кітап парақтамаудан өткен азап жоқ шығар. — 81-бет
Кейде тәлім алу үшін сол өмірді сүру керек. — 80-бет
- Дән бұрын ондай емес еді. - Адамдар өзгереді. — 75-бет
Қандай таңдау жасағанда бақытты боларыңды болжай алмайсың. — 74-бет
Сен білмейтін нәрсені білгенім үшін өзімді айыпты сезінуге міндетті емеспін. — 72-бет
Томас Хоббс "жад пен қиялдың айырмасы шамалы" дейді. Соны білгелі Нора жадына сенбейтін болды. — 67-бет
Адам деген қала сияқты. Қараусыз қалған кей бөлігіне қарап тұтас қаланы жаман дей алмайсың. Бір көшесінің жолы нашар шығар, бір аумағында бұзақылар тұрар, бірақ басқа көрікті жері үшін қаланы жақсы көре бересің. — 61-бет
Көзіңді жұмып отыра берме. Кітапты жауып таста. Оны ӨЗІҢ істеуің керек. — 51-бет