Streak, статистика, достар — тегін баста
Дулат Исабековтің «Тіршілік» жинағындағы «Өліге иман, тіріге мал керек» атты шығарма өмірдің ащы шындығын бейнелейтін терең мағыналы туынды. Бұл атаудың өзі қазақ халқының өмірлік философиясын аңғартады адам баласына рухани тірек те, күнделікті тіршілікке қажет дүние де керек. Шығармада қарапайым адамдардың ауыр тұрмысы, жоқшылықпен арпалысқан тағдыры суреттеледі. Автор кейіпкерлер арқылы қоғамның адамға қалай әсер ететінін, тұрмыс тауқыметінің адам мінезін өзгерте алатынын көрсетеді. Кейде тіршілік қамы адамды қаталдыққа итермелейді, бірақ қандай жағдайда да адамдықты жоғалтпау басты мәселе болып қалады.
Өте ауыр шығарма болды .Жас кезінен қаншама қиындық ,бейнет көріп келе жатқан соң,тым болмаса қартайған шағында қуанышты хабар естіп ,өмірлері өзгере ме деп едім ,Қыжымкүл кемпір ол қуанышты да көре алмай өмірден өте кетті ғой 💔 Өліге иман, тіріге мал керек. Өлі мен тірінің арасында бес кетпен ғана топырақ. Сол топырақ көзге құйылмай тұрғанда өлім дегенге ешкім сенбейді. Бұ дүниеден кәрі де кетіп жатыр, жас та кетіп жатыр, бүгінгі тірінің ертең марқұм боп, аласұрған әрекетінің бәрі әдіре қалғанын жұрт көріп жүр, біліп жүр, сонда да барға қанағат тұтып, атақ пен байлыққа, жалған намысқа көзі тойған емес .