Терең ой

Мирас Кесебаев

📖 5 оқырман оқыды · 2 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Мыналарды PARAQTA-да тегін оқи аласың

Кітаптан үзінділер (11)

Көшедегі қайыршыға қарап та бірнәрсе үйренуге болады. Байқайсыз ба, қайыршы алдындағы ақша салатын табақтан сұрамайды. Сол табаққа тиын салатын адамға қарайды. — 110-бет
Көбелектің қалыптасу сатыларын адам өмірінің кезеңдерімен салыстыруға болады: құрт — балалық шақ, қуыршақ — сынақтар мен қиындықтар, көбелек — ересек өмір мен жетістіктер. Қызық иә? — 116-бет
Көбелектің қалыптасу сатыларын адам өмірінің кезеңдерімен салыстыруға болады: құрт — балалық шақ, қуыршақ — сынақтар мен қиындықтар, көбелек — ересек өмір мен жетістіктер. Қызық иә? — 116-бет
Адам—басқа атомдар жайлы ойлайтын атом. — 66-бет
Менің ойымша, сен өлгенде ең көп жылайтын—өзіңсің. Себебі адам баласы ұйқыда. Өлгенде ғана оянады. Оянған адам ұйықтап жатып өткізіп алған маңызды сәттері үшін өкінеді. Неге пайдасыз өмір сүрдім? Неге адамдарға пайдалы болмадым? Неге бойымдағы таланттарды өз орнына қолданбадым?... — 62-бет
Көздің ішкі тор қабығында 130 миллионнан астам жарық рецепторы, яғни жасуша бар. Тіпті тастай қараңғы даланың өзінен бірдеңені көріп тұрамыз. Жарық аз болған сайын көздің қарашығы үлкейеді. Тіпті ғашығыңды көргенде де солай. — 45-бет
Мұрның үлкен, көзің қысық болса да, сені Ұлы Рахман солай сұлу етіп жаратты. Адамның сұлу дегені емес, құдайдың сұлу дегені - сұлу. — 34-бет
Жүректің сыртында перикард деп аталатын жұқа қабықша бар. Өте жұқа демесең, өте берік. Сол үшін жүрекке қарай бірде-бір инфекцияны өткізбейді. Жүректің көлемі үлкейіп кетуден сақтайды. Мысалы, киіп жүрген етігің бір маусымнан кейін кеңейіп, киімің созылып кетеді. Жүрек үлкейіп кетсе, ғұмыры ұзаққа бармас еді. Перикард, сонымен қатар, оны басқа мүшелерге үйкелуден қорғайды. — 16-бет
Адам— Жаратушының жер бетіндегі өкілі. Өкіл деген кім, білесің бе? Өкіл кімнің атынан келсе, соның атымен әрекет жасайды. — 29-бет
Адамның жүрегі тыныштық тапса, артық ақшаның мәні болмай қалады. Ондай кезде ақшаны жақсылық жасауға аямай жұмсайсың. Ондай кезде бақыт деп—ұшақпен бизнес класста ұшуды емес, жалынды бір жасты қанаттандырып ұшыруды танисың. — 26-бет