Streak, статистика, достар — тегін баста
Ұзақ уақыттан Хэппи энд бірінші рет болып жатыр оқыған кітаптарымның ішінде! Осы кітап бізге жақсы мен жаманның бір-бірімен күресін суреттейді. Және соңында жақсының жеңетінін көрсетеді. Егер жаман адам болсаң кейін сенің өлімің малдікінен де жаман өлім болатынына көз жеткізесің. Осы кітаптағы Қорқау Ларсенге қарасақ неткен мықты, күшті жан бірақ сонымен қоса да өте жауыз, қанішер де еді. Бірақ сол өлерінде оншалықты мықтылықтың бір грамға да пайдасы болмады. Хайуан сияқты өлді де кетті. Сондықтан мына дүниеде адамға тек жақсылық жасау керегін баяндайды. Және кітаптың да өзіне тән оқырманды баурап, енді не болады екен дегізетін қасиеті де бар. Жақсы шытырман оқиға болды. Өз басым осы кітаптың арқасында кәдімгідей теңізшілер сияқты бір теңіз оқиғасын бастан кешіргендей болдым!