Streak, статистика, достар — тегін баста
Дулат Исабековтың «Сүйекші» шығармасы – адам тағдыры мен қоғамның қаталдығын терең көрсететін әсерлі туынды. Шығармада басты кейіпкердің ауыр өмірі арқылы кедейлік, жалғыздық, адамға деген немқұрайлылық ашық суреттеледі. Автор көп сөзбен емес, қарапайым оқиғалар арқылы оқырманның жүрегіне жол табады. Бұл шығарма адамды ойландырады, өзгенің тағдырына бейжай қарамауға үйретеді. «Сүйекші» кітабын өмірдің шынайы бет-бейнесін көргісі келетін, терең мағыналы шығармаларды ұнататын оқырмандарға ұсынамын. Бұл туынды адамгершілік пен жанашырлықтың маңызын ұғындырады.
Сүйекші повесі қоғамдағы адам тағдыры және рухани құндылықтардың құлдырауы жайлы жазылған.Бір өтірік сөзге бола бір отбасы тағдыры ойран болып бас кейіпкердің осынша қиыншылық көргені.Қоғамдағы әділетсіздік,ар намыс,жалғыздық тақырыбын да жақсы көтерген.Пайда үшін ар-ұятты құрбан еткен адамның ақыры адамдық қасиетінен айырылды