Kazakh literature

Сүйекші

Дулат Исабекова

📖 794 оқырман оқыды · 305 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Оқырман пікірлері (30)

★★★★★

жыладым

★★★★★

жылайтын кітап!

★★★★★

Бұл кітапта болған оқиға жүрегімді әр оқыған сайын елжіретуде

Кітапты қайдан жүктеп оқимыз

★★★★★

Дулат Исабековтің «Сүйекші» повесін оқып болған соң, бойымды ұзаққа созылған үнсіздік биледі. Кейбір шығармалар болады – оқып біткеннен кейін бірден ештеңе айта алмайсың. Не ойыңды жинақтай алмайсың, не түйгеніңді сөзбен жеткізуге шамаң келмейді. «Сүйекші» – дәл сондай туынды. Шығармадағы бір терең ой – адам жасаған қиянатының өтеуі бар екендігі. Өзгенің ақысын жеп, озбырлық жасаған адамдар өмірінің соңына таяғанда істеген істеріне өкініп жатады. Бұл – баршамызға сабақ. Өйткені адам әрбір күнәсінің түбі қайда апарарын іштей біледі. Бірақ дүниенің соңынан қуып, сол ақиқатты мойындағысы келмейді. Ал сын сағаты келгенде, өткен өмірі көз алдынан өтіп, кеш болса да өкінішке бой алдырады. Кей тұстарында еріксіз көзіңе жас алып, кітапты бір сәтке жауып қоюға мәжбүр боласың. «Сүйекші» – адам жанының қасіретін, жетімдіктің зарын, адамгершілік пен ар-ождан мәселесін терең қозғайтын тағылымы мол повесть.

кітап көлемі шағын болғанымен өмір қиындықтарын кең қамти алған шығарма

★★★★★

кітап көлемі шағын болғанымен өмір қиындықтарын кең қамти алған шығарма

Аманат, диуана да, сүйекші де, Аз бопты жоқтаушысы, тілекші де. Бұндай өмір ешкімге тілемес ем, Арналған оқырманға тілек міне!

Адам өміріндегі жалғыз бір өтірік, бірнеше өмірдің аяқталуына әкелді.

Кітапқа пікірім негізі бірінші бөлімде Гауһартас болады Салтанаттың өмірі Ыбышқа жар болады Ыбыш өте қатал адам күлмейді Бірақ оны ағасы Қайырбек өте көңілді, Салтанатқа күшті көңіл күй сыйлайды. Ыбыштың анасыда мінезі жұмсақ кісі Салтанат сол үйге қуаныш әкелді бірақ соңында қайтыс болды бірақ Ыбыштың соңында жүрегі жібіді. Бұл қабірде ешқашан айтылмаған ешқашан айтылмайтын, аяулы махаббатым жатыр…

Сүйекші кітабы өмірдегі бір жаланың тұтас отбасының тағдырын отқа орайтынын анық көрсетті.Тұңғыштың адами болмысынан айырылуын жеткізеді.Ол өмірде өз орнын таппады.Бір өтірік баласын оқытуға құлшынған әкені жоқ қылды,ананы зарлатты,баланы Аманатқа,Диуанаға,Сүйекшіге айналдырды)

Кітап адамға шүкір етуге шақырады деп есептеймін

Дулат Исабековтың «Сүйекші» шығармасы – адам тағдыры мен қоғамның қаталдығын терең көрсететін әсерлі туынды. Шығармада басты кейіпкердің ауыр өмірі арқылы кедейлік, жалғыздық, адамға деген немқұрайлылық ашық суреттеледі. Автор көп сөзбен емес, қарапайым оқиғалар арқылы оқырманның жүрегіне жол табады. Бұл шығарма адамды ойландырады, өзгенің тағдырына бейжай қарамауға үйретеді. «Сүйекші» кітабын өмірдің шынайы бет-бейнесін көргісі келетін, терең мағыналы шығармаларды ұнататын оқырмандарға ұсынамын. Бұл туынды адамгершілік пен жанашырлықтың маңызын ұғындырады.

Бұл кітап қанша аз бетті болсада мағанасы зор айанышты кітап екен Менің бұл кітаптағы оқиғадан түсінгенім байлыққа мастанған менменсіңген адамдардың кесірінен болып кішкентай баланың бар өмірі қор болғаны Адамдар ақиқатқа көзі жетпей тұрып өзгенің өмірін қор қылмаса екен 🤍

Керемет

Менің осы повестьті оқығаннан кейін өтірік айтып,біредің ақысына кіруге ынтам жоқ

Тұңғыштың тағдырындай ауыр тағдыр әлі күнге дейін бар екеніне, көп екендігіне сенімдімін. Тағдыр біздің араласатын ісіміз емесқой бірақ, бұл қатал тағдырма еді маңдайға жазылған әлде таңдаума еді? Тағдыр десең Алла құлына қиындық қалаушы ма еді, недеген жан төзгісіз азап дерсің. Таңдау десең адам өз-өзіне мұндай ауырлық қаларма еді? Тыныш келгеніндей, тыныш өлді ол шақалақ өмірге тек азап үшін келгені ме сонда?

“Сүйекші” Дулат Исабековтың бұл шығармасы да жүректің бір бөлігіне барып орналасқаны анық. Үндеместің дауысы шықпағанымен, тағдырына деген өкпесі сол мүлгіген тыныштықтың ішінен айқай болып естілгендей. Бір басы сан қилы қиындыққа кез болып, тағдырдың тауқыметін бала кезінен танып өсті. Әр оқиғаны оқи отыра, жүректің қалай езіліп бара жатқанын ақырын аңғара бастайды екенсін. Бұл шығарманы оқи отыра “неге өмірі сонша әділетсіз болды екен?” деген сауал санамда ойнап тұрып алды. Бір айналдырғаннан кейін шыр айналдырған өмір сынақтары кімді де болса сындыратыны анық еді. Бірақ Үндеместің үні естілмегенімен оның айтары көп екенін бәрі сезгендей. Шығарма сөзсіз ұнады, Дулат Исабековтың қаламына тағы да таңқалдым. Жазу шеберлігі мен сөз саптауы өзіне бірден баурап алады. Оқып көріңіздер,өкінбейсіздер.

Дулат Исабековтың “Сүйекші” повесі шағын қалаға көшіп келіп қабір қазумен күн көріп жүрген Тұңғыш атты кейіпкер айналасында өрбиді. Үндемес (Тұңғыш) жан дүниесі тыныш, ешкіммен шаруасы жоқ, шу күйбеңнен алыс адам болғанымен өз басына жетерлік трагедиясын оқырман оқи келе ұға бастайды. Ол адамдармен сөйлеспейді, ішкі сезімдерін білдірмейді, өзгелердің өмірі оған жат. Күнделікті бір қайталанатын құбылыс - таңертең қолына кетпен-күрегін алып, қорымға барады да, бос қабірлерді қазады, дайын екендерін реттеп, белгісіз марқұмдар үшін дұға жасайды. Ол кісілердің кім екеніне мән бермейді: бай болсын, кедей болсын, жас болсын, кәрі болсын — бәріне бірдей қара жердің қасында бірдей қарапайымдық пен жанашырлық көрсетеді. Шығарма шарықтау шегіне қарай басты кейіпкердің ішкі әлемі оқырманға айқындала түседі. Оның балалық шағы, отбасы қайғысы, жан-жарасы, қоғаммен күрделі қатынасы сияқты тақырыптар терең ашылады.

Оқып бастағаннан ақ шыға алмайтын шырғалаңға толы кітап болды, көз жасым тіпті парлап тоқтамады.Осыған дейін сатып алып оқимынғой деп жүр едім.Бүгін оқығаныма тіптіде өкінбеймін. Сондай әсерлі кітап, өмірдің осындай қаттылығына шыдаған Тұңғышқа таң қалдым. Өз басыма кішкене қиындық келсе шешілместей өмірден түңілемін. Ал Тұңғыш болсаа…