Streak, статистика, достар — тегін баста
Маған ұнаған топ 5 кітаптың бірі. Назираның қанша қиыншылық көрседе жасымай өмір үшін күрескенін көргенде жыламау мүмкін емес. Соғыс жылдардағы қайғы-қасірет сол соғыстан өзін ғана емес баласында аман алып қалып, елге аман оралу- бұл үлкен ерлік. Бұл кітапты барлық әйелдер қауымы оқыса екен деймін.
Өмірімде оқыған оқиға желісі күрделі әрі ең ауыр романпен бөліспесем айып болар. Айып болары ақиқат. Соғыс кезінде тылдағы адамдардың өмірі баян етілген шығармалар да, соғыс өтінде арпалысқан ерлер өмірі жазылған туындылар да бар; және сол романдарды оқыдыңыз да, я оқуға ниеттісіз. Ал, қан майданның нақ ортасында өмірге сәби алып келген әйел жаны жайлы жазылған туындыны оқып көргең бе едіңіз? Қақаған соғыста екі баланы қатар арқалап жүрген адам үшін басқа қиындықтың бәрі ойыншық болып көрінетіндей. Басты кейіпкерге солай көрінген екен. Бізге де. Романда ең бастысы интрига бар. Күтпеген бұрылыстар бар. (Оқиғаның нүктесі олай болмас деп ойлап едім.) Терең ой бар. Шүкірлік бар. Және әрине жылататын тұстар да бар. Шырағың сөнбей тұрған кезде осы романды оқы һәм “paraqta” Оқыңыз. Тоқыңыз. Бөлісіңіз.