Streak, статистика, достар — тегін баста
“Сенің қамқор ағаң” кітабынан маған ұнаған сөздер • Мінезің мен әдептілігің гүл аңқыған бақша секілді әдемі болсын. • Аспандағы құстардың да жолын белгілейтін Алла адамдарды жерде адастырмайды... • Ағаш бұтағының қисайып қалуы желдің жеңіске жеткенін білдірмейді. • Мәулана былай деген екен: «Жақсы күндер саған келмейді, сен оларға қарай жүресің». • Шекараңды сыйламаған адамдардың сенің өміріңде орны болмау керек. • …Осындай жағдайларда адамдардың сені жаман ретінде қабылдауы және саған дұшпан ретінде қарауы сенің емес, олардың проблемасы. • Мәулананың тағы бір керемет сөзі бар: «Өмір саған үнемі тікендерді көрсетіп жүрсе, көңіліңді түсірме, керісінше қуан. Себебі жақында раушанды да көрсетеді». • Еш еңбексіз келген, еш тәжірибесіз келген жеңіліс сенің тағдырың болмауы тиіс. • «Һәм мұны болмашы әрі жеңіл-желпі нәрсе деп ойладыңдар. Алайда ол Алланың алдында зор күнә саналады». (Нұр: 15-аят). • Өздерін ғана ойлайтын адамдар үшін қадірсіз болу- дан тоймадың ба? • Сен адамдарды жоғалтып алудан қорқасың, бірақ ешкім сені жоғалтып алудан қорықпайды. Ащы болса да осы шындықты қабылдай алмай жатырсың. Өзіңе деген құрметсіздікті осылай қателесуден бастап жатырсың. • Өміріңе, шүкіршілік сезімін енгіз, ал ол сезім саған жан тыныштығын сыйлайтын болады. • «Қызғаныш – басқаның балын өз аузына у ету». • АЛЛАНЫҢ АЛҒАНЫ = БЕРГЕНІ • Бақыт деген – жететін не тоқтайтын аялдама емес, ол – жүретін даңғыл жол. • Әрқашан өзіңнің қолыңдағы барыңа қара, назар сал. Қараған сайын арта бергенін байқайсың. • Өткен нәрсеге сені өзімен бірге алып кетуіне мұрша берме! • Тура бір сен ортада ілініп қалғандайсың, не ұша алмайсың, не артқа бұрыла алмайсың. • Қолыңды кеудеңе қойып тұрып: «Уа, Алла! Мына жүрегім сенің қолыңда. Оны басы ауған жаққа жүретін кезбеге айналдырма! Көкірек көзімді аш, ишараттарыңды маған түсінікті ет! Оны өзің туралыққа баста! Туралық иесі – жалғыз Өзіңсің!» деп айт. • Сезімдерді лайықсыз біреуге жұмсау – гүлді қоқыс үйіндісіне еккенмен бірдей. Гүліңді қайда егетініңе назар аудар. Егер оған лайықты құнарлы топырақ тапсаң, әуелі ол жерді көз жанарыңның суымен суарып ал. • Себебі өмірді өздеріне зындан еткен. • Досым, адамдар тау тәрізді. Барлық бейнесі көріне бермейді, көрінбейтін, жасырын тұрған бөлігі сен көріп тұрған бөліктен де үлкен. • Оған қарай жақындауыңды тоқтатпа. Шамаң келсе, жүгіріп жақында. Оған шамаң жетпесе, жүріп көр. Оған да әлің келмесе, еңбекте. Ең болмағанда тұрған орныңнан кері шегінбе. • Бұл адамдар Алламен сыр байласты, Алла да оларды сақтап қойды! • Басыңда мыңдаған ойлар айналғаннан, тіпті, ойыңдағы әлемнің өзі мына дүниеден мыңдаған есе үлкен боп көрінеді. • Қолыңнан емес, жүрегіңнен ұстағанның қадірін біл. Қолдан ұстау бәрінің қолынан келе береді. Киімін беріп жылытқанға емес, көңілін беріп жылытқанға қара. Өзің- нің қадіріңді білетіндермен аралас, қадірің белгілі емес жерде бөтен адамдай бол. • Алла мен Оның Елшісі ﷺ сіздерден тек бір ғана нәрсені әсемдеуді талап етеді. Ол – жүректеріңіз. • Өмірдің әрбір сәтін майданға айналдырып жіберме. • Артында жан рахаты тұрған сынақты ауыр қабылдама. • Өткенді топыраққа көмбейміз, бірақ болашақта гүл ашқанын қалаймыз. 2024 жылдың үздік кітабы мен үшін.
«Сенің қамқор ағаң» – Аслан Орақбаев 🤝📖 «Сенің қамқор ағаң» – жүректі жылытып, жанға үміт сыйлайтын, адамгершілік пен достыққа арналған ерекше еңбек. 🌟 Аслан Орақбаев оқырманға өмірлік қиындықтарды жеңуге, өз-өзіне сенуге және жақындарына қамқорлық көрсетуге шабыт береді. 💛 Кітапта автордың өмірлік тәжірибесі мен мысалдары арқылы әрбір адамға қамқорлық, мейірімділік және жауапкершілік қасиеттерін дамыту жолдары көрсетілген. 🌿 Мысалы: «Нағыз қамқорлық – сөзде емес, іс-әрекетте көрінеді.» ✨ «Сенің қамқор ағаң» оқырманға тек мотивация беріп қана қоймай, адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызын, достық пен адалдықты бағалауды үйретеді. 🌸📚 Кітапты оқып шыққан соң, әр адам өз өмірінде жақсылық жасауға, айналасына қамқорлық көрсетіп, жүрегін ашуға дайын болады. 💪 Осы керемет кітапты оқуға мүмкіндік берген Paraqta Telegram арнасына шын жүректен алғысымды білдіремін! 🙏✨ «Қамқорлық пен мейірім жүректі жарықтандырады.» 🌞 Кітаптың негізгі идеясы дәл осы — әр адам өз жүрегін ашып, айналасына жақсылық жасауға қабілетті. 🌟