Психология жөнінде
Streak, статистика, достар — тегін баста
если діндге деген күмәндәрің болса оқыңдар
«Сен өлгенде кім жылайды?» — адамның өмірінің мәні, артында қалдыратын ізі туралы шығарма. Автор адам өмірден өткенде оның жақындары мен қоғамға қаншалықты пайдалы болғаны арқылы шынайы бағасы берілетінін көрсетеді. Сондықтан адам бос өмір сүрмей, жақсылық жасап, өзгелерге пайдасын тигізіп өтуі керек.
“Сенің қамқор ағаң” кітабынан маған ұнаған сөздер • Мінезің мен әдептілігің гүл аңқыған бақша секілді әдемі болсын. • Аспандағы құстардың да жолын белгілейтін Алла адамдарды жерде адастырмайды... • Ағаш бұтағының қисайып қалуы желдің жеңіске жеткенін білдірмейді. • Мәулана былай деген екен: «Жақсы күндер саған келмейді, сен оларға қарай жүресің». • Шекараңды сыйламаған адамдардың сенің өміріңде орны болмау керек. • …Осындай жағдайларда адамдардың сені жаман ретінде қабылдауы және саған дұшпан ретінде қарауы сенің емес, олардың проблемасы. • Мәулананың тағы бір керемет сөзі бар: «Өмір саған үнемі тікендерді көрсетіп жүрсе, көңіліңді түсірме, керісінше қуан. Себебі жақында раушанды да көрсетеді». • Еш еңбексіз келген, еш тәжірибесіз келген жеңіліс сенің тағдырың болмауы тиіс. • «Һәм мұны болмашы әрі жеңіл-желпі нәрсе деп ойладыңдар. Алайда ол Алланың алдында зор күнә саналады». (Нұр: 15-аят). • Өздерін ғана ойлайтын адамдар үшін қадірсіз болу- дан тоймадың ба? • Сен адамдарды жоғалтып алудан қорқасың, бірақ ешкім сені жоғалтып алудан қорықпайды. Ащы болса да осы шындықты қабылдай алмай жатырсың. Өзіңе деген құрметсіздікті осылай қателесуден бастап жатырсың. • Өміріңе, шүкіршілік сезімін енгіз, ал ол сезім саған жан тыныштығын сыйлайтын болады. • «Қызғаныш – басқаның балын өз аузына у ету». • АЛЛАНЫҢ АЛҒАНЫ = БЕРГЕНІ • Бақыт деген – жететін не тоқтайтын аялдама емес, ол – жүретін даңғыл жол. • Әрқашан өзіңнің қолыңдағы барыңа қара, назар сал. Қараған сайын арта бергенін байқайсың. • Өткен нәрсеге сені өзімен бірге алып кетуіне мұрша берме! • Тура бір сен ортада ілініп қалғандайсың, не ұша алмайсың, не артқа бұрыла алмайсың. • Қолыңды кеудеңе қойып тұрып: «Уа, Алла! Мына жүрегім сенің қолыңда. Оны басы ауған жаққа жүретін кезбеге айналдырма! Көкірек көзімді аш, ишараттарыңды маған түсінікті ет! Оны өзің туралыққа баста! Туралық иесі – жалғыз Өзіңсің!» деп айт. • Сезімдерді лайықсыз біреуге жұмсау – гүлді қоқыс үйіндісіне еккенмен бірдей. Гүліңді қайда егетініңе назар аудар. Егер оған лайықты құнарлы топырақ тапсаң, әуелі ол жерді көз жанарыңның суымен суарып ал. • Себебі өмірді өздеріне зындан еткен. • Досым, адамдар тау тәрізді. Барлық бейнесі көріне бермейді, көрінбейтін, жасырын тұрған бөлігі сен көріп тұрған бөліктен де үлкен. • Оған қарай жақындауыңды тоқтатпа. Шамаң келсе, жүгіріп жақында. Оған шамаң жетпесе, жүріп көр. Оған да әлің келмесе, еңбекте. Ең болмағанда тұрған орныңнан кері шегінбе. • Бұл адамдар Алламен сыр байласты, Алла да оларды сақтап қойды! • Басыңда мыңдаған ойлар айналғаннан, тіпті, ойыңдағы әлемнің өзі мына дүниеден мыңдаған есе үлкен боп көрінеді. • Қолыңнан емес, жүрегіңнен ұстағанның қадірін біл. Қолдан ұстау бәрінің қолынан келе береді. Киімін беріп жылытқанға емес, көңілін беріп жылытқанға қара. Өзің- нің қадіріңді білетіндермен аралас, қадірің белгілі емес жерде бөтен адамдай бол. • Алла мен Оның Елшісі ﷺ сіздерден тек бір ғана нәрсені әсемдеуді талап етеді. Ол – жүректеріңіз. • Өмірдің әрбір сәтін майданға айналдырып жіберме. • Артында жан рахаты тұрған сынақты ауыр қабылдама. • Өткенді топыраққа көмбейміз, бірақ болашақта гүл ашқанын қалаймыз. 2024 жылдың үздік кітабы мен үшін.
“Бірінде- оң қанат, бірінде- сол қанат, екеуі бірігіп, жұп қанат болыпты. Көк тіліп, заңғар биікке, аңғар құздарға шың-артқа еркін самғапты.”
«Сенің қамқор ағаң» – Аслан Орақбаев 🤝📖 «Сенің қамқор ағаң» – жүректі жылытып, жанға үміт сыйлайтын, адамгершілік пен достыққа арналған ерекше еңбек. 🌟 Аслан Орақбаев оқырманға өмірлік қиындықтарды жеңуге, өз-өзіне сенуге және жақындарына қамқорлық көрсетуге шабыт береді. 💛 Кітапта автордың өмірлік тәжірибесі мен мысалдары арқылы әрбір адамға қамқорлық, мейірімділік және жауапкершілік қасиеттерін дамыту жолдары көрсетілген. 🌿 Мысалы: «Нағыз қамқорлық – сөзде емес, іс-әрекетте көрінеді.» ✨ «Сенің қамқор ағаң» оқырманға тек мотивация беріп қана қоймай, адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызын, достық пен адалдықты бағалауды үйретеді. 🌸📚 Кітапты оқып шыққан соң, әр адам өз өмірінде жақсылық жасауға, айналасына қамқорлық көрсетіп, жүрегін ашуға дайын болады. 💪 Осы керемет кітапты оқуға мүмкіндік берген Paraqta Telegram арнасына шын жүректен алғысымды білдіремін! 🙏✨ «Қамқорлық пен мейірім жүректі жарықтандырады.» 🌞 Кітаптың негізгі идеясы дәл осы — әр адам өз жүрегін ашып, айналасына жақсылық жасауға қабілетті. 🌟