Streak, статистика, достар — тегін баста
Жүрек сыздап, көз жасаурады
Автор:Мұхтар Мағауин Кітап: Сары қазақ Кітап ұнады.Қалай кітаптың ішіне еніп кеткеніңді білмей қаласың. Қазақ даласында болған қилы заманның көргісі суреттеледі.Қазақ жеріндегі текті байлардың өмірі өте аз уақыттың ішінде қалай өзгергені байлардың тағдыры кейінгі өмірі көшіп қонған дағы қиындықтар ашық суреттелген.Калхоз болудың қиындықтары байлардың малдарын кедейлерге бөліп береміз деп қызылдардың жасаған қатыгездігі қанішерлігі,ашаршылық кезеңде кейіпкердің Бетпақ даланы мекендеген інің арқасын ашаршылыққа ұшырамаған,ақшасыз көрші қолаңсыз жылқы түйе құдықтың арқасында Бетпақ далада 16 жыл өмір сүргені асырап алған әкесі әйелі қызының жай күйі керемет суреттелген.Бақытты бай болып өмір сүру үшін ақшада қызылды жасылды мың қырық дүниенің керегі жоқ екені нағыз қазіргі біздің қоғамға керек оқиғалар.Қара басын алып жүре алмай үсті үстіне кредитке кіріп кеткен біздің қазіргі қазақтарға ой салар шығарма екен.