Қасқыр ұлыған түнде

Оралхан Бөкей

📖 13 оқырман оқыды · 13 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Мыналарды PARAQTA-да тегін оқи аласың

Оқырман пікірлері (1)

Бір кітаптар болады ұзақ әрі мәнсіз, кейбірі аз уақытта оқылып, терең мән қалдырады. Аз ғана беттен тұрса да алғашқы сөйлемінен-ақ елітіп әкетті. Шығыс Қазақстанға жаным жақын болғасын ба, әр сөйлемін әр танысымның дауысымен, сол өңірдің көрікті жерлерін көзіме елестете отырып оқыдым. Бас кейіпкерлердің диалогы тым керемет жалғасып келе жатыр еді бірақ, күтпеген “крутой поворот” болды. Расымен жағамды ұстап, жақынымда сондай қайғылы жағдай орын алғандай күй кештім. Автобуста өрбіген әңгіме тұтас бір қоғамның дертін, жаңашылдық пен ескіліктің арасындағы айырманы айқын көрсетті. Оқиға желісінің бір-бірімен үйлесуі ұнады. Екінші әңгімені оқи отыра, кейде шын көңілі бар жандарды көзге ілмей, сылтау айтып жатамыз. Бірақ, кейін бұл нәрсе бармағымды тістеп отыруға алып келмейді ме деген ой туды. Ол жандардан алыстауым бір Алланың қалауымен жүрек қалауым болған болуы да ғажап емес қой деп өзімді ақтап аламын. Бұл жазбам рецензияға жатады ма білмеймін. Жәй, кітаптан алған әсерім ретінде қалсын осында.