Streak, статистика, достар — тегін баста
Мағжан Жұмабайұлының Педагогика кітабын оқуды аяқтадым. Ұнады. Көптеген пайдалы ақпарат алдым. Педагогика саласын барлық адам меңгеру керек деп есептеймін. Базалық деңгейде болсада. Себебі әр адам ұстаз, ата-ана, тәрбиеші. Қазір немесе болашақта. Педагог мамандардың жөні бөлек. Алайда әр саналы адам кемі 1-2 педагогикаға қатысты еңбекті оқуы керек деп есептеймін. Ұрпаққа дұрыс бағыт беріп, есті, сапалы қоғам қалыптастыру үшін. Бала тәрбиесі — бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. — Кітаптан үзінді. Баршаңызға оқуға кеңес беремін🫶🏼.