Парасат майданы

Төлен Әбдік

📖 71 оқырман оқыды · 40 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Оқырман пікірлері (4)

Парасат Майданына спойлерсіз қалай рецензиямды берерімді білмедім. Бұл шығармаға спойлер бермеген ең дұрысы. Оның орнына осы шығармадан шабыт алып жазған өлеңді салғым келді. Ақ пен қара қосылса Сұр болады айнала. Сұрда таю оп-оңай Аяқ бассаң жәй ғана. Сұр барда нұр жоқ. Нұр барда сұр жоқ. Ақ пен қараны ажыратар, Сұрды сейілтер, Кітап бар шүкір Аллама. Иттің сұрынан қорық, Ағыңды таны толық, қараңды таны толық, Дамитын болар сонда өмір-жорық Дұрыс бағытта. Күдік те сұр, өзіңді ақтау да сұр, өзіңді мақтау да сұр. Үмітте нұр, Өзіңді қақтау да нұр. Өзіңді сақтау да нұр. Сұр мұнафиқ болудан Сақтай гөр бізді, йа Аллам. Ақ болсын бізде тек пейіл, Ал қарамыз болсын тек қалам.

Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» шығармасы – қазақ прозасындағы терең философиялық, психологиялық ойға құрылған туынды. Бұл шығармада Төлен Әбдік адам болмысының ең күрделі мәселелерін – ар-ождан, зұлымдық пен ізгілік, ақыл мен қатыгездік арасындағы ішкі тартысты шебер бейнелейді. Шығарма хат түрінде өрбіп, оқырманды бірден ой әлеміне жетелейді. Шығарманы оқи отырып, еріксіз ойға қаласың. Әр адам өз іс-әрекетіне, өмірлік ұстанымына сын көзбен қарауға мәжбүр болады. Шығармадағы негізгі ой – адамзат үшін ең қауіпті соғыс сыртқы жаумен емес, адамның өз ішіндегі соғыс екендігі. Егер адам парасаттан, адамгершіліктен айрылса, қандай қоғам болса да азғындауға ұшырайды. Дүниедегі ең жаман нәрсе - бірыңғай жалғандық емес, шындық араласқан жартылай жалғандық. Ең қатерлі адам - бірыңғай жексұрын емес, бойында аздап та болса жақсы қасиеттері бар жексұрын. Ондай "жақсы" жексұрындармен күресу он есе қиын. Iзгiлiкке сенiм артпаған адам ешқашан да жақсылық жасай алмайды. Iзгiлiктiң көлемi зұлымдықпен ешқашанда тең болған емес. Себебi iзгiлiктiң жолы жiңiшке. “Қиянат жасаудың мың түрi бар, ал қиянат жасамаудың түрi бiреу-ақ, ол – тек қиянат жасамау” деген бiреудiң сөзi бар. Өмiрдiң мәнi мен мағынасы қарапайым ақиқаттан тұрады. Бiздiң сорымыз – сол оп-оңай ақиқатты түсiнуге және оны орындауға құлқымыздың жоқтығы. Бiз өз еркiмiзбен ең қиын, ең бұралаң жолды таңдап алып, өзiмiз қолдан жасаған қиындықпен жан аямай күресiп, ешкiмге керегi жоқ ерлiктер жасаймыз. Бостандық адамның өзiнiң iшiнде, санасында. Тумысында қорқақ, жағымпаз жанға қанша хұқықтық бостандық бергенмен, ол бостан бола алмайды. Шектен тыс өзiмшiл, шенқұмар, нәпсiқұмар, ашқарақ адамдар ешқашан да бостан бола алмайды. Өйткенi олар өздерiнiң әлгi ниеттерi мен пиғылдарының құлақкестi құлдары. Төңiрегiңде қасiретiңдi бөлiсетiн, тiршiлiктегi әр сәтiңе қуанатын қалың қауым қаумалап тұрғанда ешқашанда өзiңе-өзiң қол жұмсай алмас едiң. Тағдырдың толып жатқан басқа да соққылары, бөлiсетiн жан болса, сенi есеңгiрете алмайды. Адамның жұлын-жүйкесiнiң қайғы-қасiретке төтеп бере алмауы жан азабын бөлiсетiн жақын жанның жоқтығынан. Ондай кезде жалғыз әмiршiң – Жалғыздық. От басынан бақ тайып, ерлi-зайыптылар ажырасып жатса, оған да бiреуiнiң иә екеуiнiң бойындағы өзiнен басқаны ойламайтын өзiмшiлдiк кiнәлi. Ағайынды екi адам немесе қанды көйлек достар араздасып жатса, ол да өңмендеген өзiмшiлдiктiң кесiрi екенi даусыз. “Меннiң” өлермендiгi тұрған жерде жарасымды махаббат та, риясыз достық та, береке-бiрлiк те болуы мүмкiн емес. “Мен” қашан да тойымсыз – бәрiнен артық, бәрiнен биiк, бәрiнен ықпалды болғысы келедi де тұрады. Оның бас сұқпайтын, бүлдiрмейтiн жерi жоқ. Адамгершілік деген қалаған кезде кіре салатын есігі ашық тұрған иесіз үй емес, үлкен рухани жігерді, төзімді қажет ететін, шарты қатал, кіруі қиын сәулетті ғибадатхана. Ал қиындыққа төздіретін, жігеріңді құм қылудан сақтайтын жалғыз нәрсе - өмірге рухани мән-мағынаны ізгілік қана бере алатынын арыңмен, жаныңмен сезінуің ғана.

Парасат майданы шығармасы ерекше шығарма екен. Оқыған адамның ойын сан-саққа жүгіртіп, түрлі ойға қалдырады. Шын мәнінде, адам болған соң кейде болмысымызда екі жан өмір кешетіндей көрінеді. Ол өмірдің шындығы. Жазушы барлық нәрсені баса түсіндіріп, жаза білген. Оқып отырған сайын, ары қарай не болар екен деген ой келеді.Хатты жазып жүрген кім болды, не деген бейтаныс жан деген ойға қаласың. Солай шығарманы бір деммен оқып шықтым. Барша оқырманға оқуға кеңес беремін.

“Өмірдің мағынасын үнемі алыстан іздейміз . Әлдебір ұлы оқиғаны ,ұлы әрекетті алыстан бастағымыз келеді. Дәл жанымыздағы негізгі мақсатқа уақытымыз жоқ. Оған алдағы жаз, алдағы күз немесе алдағы жыл бар” Төлен Әбдік “Әке”