Streak, статистика, достар — тегін баста
Өзбекәлі атамыздың қандай керемет тұлға екенін білдім. Бұл кітапты оқымай тұрып осындай ұлы тұлғаның барын білмеген екенмін. Ұлт үшін жанын беруге даяр осындай азаматтарымыз көп болса екен. Қанша қиындық көрсе де қуыскеуде дертіне шалдықпай өмірін мағыналы өткізген екен. Жаны жаннатта болсын атамыздың. “Тағдыр тағылымы” кітабын және осы кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін🙌🏻
“Өзбекәлі және Мәдени майдан” кітабын аяқтап, халқымызда қазіргі жастар білмейтін өткен ғасырдың қаншама батыры бар екенін түсіндім. Бұл кітап тек бір тұлғаға ғана арналған болса да, тек жеке өмірімен шектеліп қана қоймай, Өзбекәлінің жанынан табылған, сондай - ақ өзі үлгі тұтқан тұлғаларды танып, олардың өмірлерінен, жасаған игі істерінен кішкене болсын хабардар болдым
Аты аталмай қалған тұлғамен таныстым . Расымен тарихта қалатын болмыс екен. Наурызды Қазақстанға қайта алып келген, бас арысты ақтаған, 100ден аса музей ашқан , Яссауи кесенесін қайта өңдеген..
Шедевр кітап.Сан рет қаның басыңа шауып, көзің мөлдіреп қоя береді
Мен «Өзбекәлі Жәнібек және мәдени майдан» кітабын оқи отырып, қазақ халқының рухани әлемі үшін аянбай еңбек еткен Өзбекәлі Жәнібек тұлғасының қайраткерлік болмысын тереңірек таныдым. Бұл еңбекте оның ұлттық мәдениетті сақтау, тарихи мұраларды қорғау, салт-дәстүр мен өнерді жаңғырту жолындағы қызметі кеңінен баяндалады. Автор кейіпкердің өмір жолын сол кезеңнің тарихи жағдайымен байланыстыра отырып көрсеткен, сондықтан кітап оқырманға ерекше әсер қалдырады. Маған әсіресе Өзбекәлі Жәнібектің қиын кезеңдерге қарамастан ұлттық құндылықтарды қорғаудағы батылдығы мен табандылығы ұнады. Кітаптың тілі түсінікті, деректерге бай, әрі тәрбиелік мәні зор. Бұл шығарма мені өз мәдениетімізді құрметтеуге, тарихымызды білуге және елге қызмет етудің маңызын түсінуге жетеледі. Сондықтан мен бұл кітапты рухани құндылықтарды бағалайтын әрбір оқырманға оқуға ұсынар едім.
Кез келген адам өзін бар қалпында, тұрған кейпінде қабылдап қоя салса, мәдени һәм рухани тұрғыда кері кетпей тұрмайды. Себебі адам болмысы ағысқа қарсы жүзген кезде тірі балыққа ұқсайды. «Өлген балық та ағыспен ағады» деген тәмсіл осыдан шыққан. Сондықтан біз мәдени өсуге тиіс биік деңгейді театр, кино, кітап бетіндегі идеалдарға қарап анықтаймыз. Соларға ұқсауға тырысқанда адами деңгейіміз тоқыраудан құтылып, гүлденген қоғам құруға құмар болады. — 51-бет
Құдай ұрған оңалар, әруақ ұрған оңалмас.
Құндылықтан айырылған ұрпақ рухани азуға бейім тұрады.
Өмір – адамға мәңгі өлмес БОЛМЫСҚА айналу үшін Жаратушыдан берілген қайталанбас мүмкіндік. Бірақ оның шарты бар. Шарты – АР алдында, ҚОҒАМ алдында, ҰЛТ алдында, ҚҰДАЙ алдында қиналмай адамдық борышты арқалау. — 4-бет
Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен келеді.
Құдайдың құдіреті адам арқылы көрінеді.