Streak, статистика, достар — тегін баста
📚 Төлен Әбдік «Оң қол» «Оң қол» дегенмен бірнеше әңгімеден тұратын кітап қой. Төлен Әбдікті алғаш оқуым. жазу стилі Дулат Исабековтың жазуына ұқсаттым. әлде әңгіме көлемі шағын болған соң ұқсады ма, әйтеуір екеуіне ортақ тұстары бар екен. «Qasym баспа үйі» болған соң кітаптары шағын һәммә әңгімелердің өзі де кітапқа жарығандай қысқа. әйтсе де көлеміне қарамай, түйер ойлары да баршылық-ты. бұл кітаптан рецензия күткен болмас. тек автор жайлы өз ойымды жазып шектелсем жетер. өзім көлемді, оқиға желісі ұзақ кітаптарды жақсы көрген соң әңгімелерді оқысам тоймай қалғандай боламын. естелік болып осында қалсын.
Адам санасы кейде өзіне өзі қарсы шығады. Иә Өмірдегі сəттілік өте сирек нəрсе. Ол жұрттың бəріне бірдей жете бермейді. Бірақ ең үлкен жалғыз сəттіліктен кейін, қалған сəтсіздіктің бəріне де төзуге болады. Қиыншылықты жеңудің ең бір үлкен құралы - төзім