Streak, статистика, достар — тегін баста
Сонда бұл сайтта кітапты оқи алмайсың ба?Тек оқыдым оқымадым басып отыру ма мәні???
Кітапта жат ағымның жетегінде кеткен адамдардың ауыр тағдырлары баяндалады . "Сирияға кетсең , барлығы күшті болады " деген оймен кеткен адамдардың болашағының бұлыңғыр боларын өздері де білмеді ғой . Еш кінәсі жоқ , жазықсыз өлген сәбилер мен балалардың тағдырларына жүрегім ауырды .Жат ағымның жетегіне еріп ,Сирияға кеткен адамдарды қиындықтарға қарамай өз еліне қайтарған Қазақстанға риза болдым . Жаңалықтардан "Жусан " операциясы жайлы естігенім бар еді .Бірақ ,қандай операция екеніне бұрын қатты мән бермеп едім . Әр бетті оқыған сайын " Ары қарай не болады екен ? Елге қайта ала ма ? " деген оймен кітапты қызыға оқып шықтым . Бұл кітап маған кез келген ақпаратқа сене бермей ,әр нәрсеге саналы түрде қарау керектігін түсіндірді. Адамның қателескен таңдауы өзіне ғана емес, жақындарына да ауыр әсер ететінін сезіндім . Ең бастысы, кітаптан Отанның қадірін ,бейбіт өмірдің бағасын және жақындарыңды бағалаудың маңызын түсіндім .Кітапты оқып отырып , бейбіт өмірдің өзі үлкен бақыт екенін тағы бір түсіндім .
«Есігімді қаққан кім?» қойылымынан шыққандағы күй әлі есімде. Бойымды белгісіз бір қорқыныш билеп, қойылым аяқталмай жатып құрбым екеуміз қатарласа сыртқа шықтық. Театрдың есігінен шыққан соң да әлгі ауыр күй ұзаққа дейін тарқамады. Есбол Нұрахметтің «Ол жақта Құдай жоқ» атты кітабын оқыған сайын сол сәттер санамда қайта жаңғырғандай болды. Маған ең ұнағаны автордың дәл осы тақырыпқа қалам тартуы. Бұл тақырып жайлы сөз көп. Бірақ сол сөздің тасасында қалған адам тағдырына үңілуге әркімнің батылы жете бермейді. Ал шығарма айыптауға емес, түсінуге жетелейді. Адасу неден басталады, адамның танымы қалай өзгереді деген сауалдарға жауап іздеуге шақырады. Осы тұста Сая апамның «Біздің миымыз үнемі дұрыс ой тудыратын механизм емес. Ондағының бәрі өмірде көрген, білген, естіген дүниелерден құрастырылады» дегені еріксіз ойға келді. Расында, адамның дүниетанымы бір сәтте өзгермейді. Кейде бір ауыз сөздің, бір ортаның немесе бір сенімнің ықпалы жылдар өте келе өмірлік бағытын айқындап жатады.
Сіз ыдыстың майын сумен жуып кетіресіз, кірді де солай. Біздің қарапайым амалдарымыз секілді мұның бәрі тек сырт көрініс. Ал Жәннатқа жүрегіміз тазармай кіре алмаймыз. Жүрек деген алтын ғой. Алтынды сумен жуа аласыз ба? Алтынды қалай тазартады, білесіздер ме? Әрине, алтынды тазарту үшін әуелі отқа қойып ерітесіз, оның қалпы да өзгереді, әбден балқыған соң барып артығы кетіп, саф алтын қалады. Ендеше, сіздің жүрегіңіз де дәл сондай, сынақтың бәрін басынан өткеріп, домна пештен шыққанда барып тазармақ! Сонда ғана жәннаттық боласыз, иншаллаһ! Ал біз тура сол пешке бет алып бара жатқан жоқпыз ба, бауырларым! Ендеше, қорықпа, қаймықпа! Қайта қуан, сіздер жұмақ пен Аллаһтың ұлы нығметі жолында үлкен амал жасап жатырсыздар, бауырлар!