Бөкейдің ірі прозалық туындысы. Тау, табиғат және адам арасындағы ерекше қарым-қатынасты суреттейтін поэтикалық роман.
Streak, статистика, достар — тегін баста
Бақса, адам әрқашан да алға қарауы, ертеңін ойлауы керек екен. — 67-бет
Дүниеде адам жанынан сірне, көнбіс не бар. — 65-бет
Иә, ел елге сіңе береді екен. Ал ер бөтен елге сіңбейді екен. — 65-бет
Егер мен өліп кетсем де осы– ешнәрсе өзгермейді. — 55-бет
Егер осы қалпында арғы дүниеге аттанып-ақ кетсе, жер бетінде қыбырлап жүрген жан-жануар, адамзаттың қылшығы да қисаймай баз қалпында – мәз қалпында ғұмыр кешерін есіне алды. — 55-бет
Қазіргі балаларды қорқытатын ешбір тылсым күштің қалмағаны, қазіргі балалардың сәби жүрегін тербер ешбір жырдың, ешбір ертектің жоқтығы қинайды. Қазіргі адамдар ертек айтпайды, тек өтірік айтады. — 55-бет
Қазір біз қаншама жалғызсырағанмен, ар-ұятымыз таза, ұялмай өмір сүрудеміз. Адам қаншама сұлу, қаншалықты талантты болса, басқаларға тигізер қиянаты да соншалықты ерен. Мен қазір білімімді емес, сезімімді тәрбиелеу сапарындамын. — 54-бет
Табиғаттың әділетсіздігі сонда, бір кісінің басына бар жақсылығын, талантын, сұлулығын да аямай үйіп-төгіп бере салады. Сосын әлгі төрт құбыласы тең еркелер қаншама еркек-ұрғашының обалына қалады десеңші. — 54-бет
Дүниедегі ең пайдалы іс – сол дүниеге жалғыз-ақ рет келіп жан тапсыратын адамдарға қиянат жасамау. — 53-бет
Меніңше, көкбеттеніп қанша даулассаң да, дүниедегі қулық-сұмдықты, ақыл мен білімді, қала берді, жақсылық пен жамандықты тек оқыған адамдар үйрететіне кәмілмін. Сондықтан да ақылдың өзі әмәнда ақымақтық жасауға арналған секілді. — 53-бет