Streak, статистика, достар — тегін баста
Эльчин Сафарли-Мен оралғанда үйде бол Бұл кітап әке мен қыздың махаббатының қандай байланыста екенін көрсете білгендей. Жаралы жас жаныма дем бергендей болды. Ханс қызы Достуды сағынса, мен әкемді сағынамын. Ханстың қызына жазған әр хатын әкемнің жазған хатындай, айтқан ақылындай қабылдадым. Мүмкін, әкенің ақылын аңсап жүргендіктен болар. Соңғы кездері әкенің махаббатын, еркелеткенін, айтар ақылын жаныма жетпей жүр еді. Бұл кітап сол орынды толтырғандай болды. Эльчин Сафарли шығармашылығымен алғашқы таныстығым дәл осындай керемет болады деп ойламап едім…
әсерлі кітап