Мен

Азамат Скаков

📖 8 оқырман оқыды · 4 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Мыналарды PARAQTA-да тегін оқи аласың

Оқырман пікірлері (6)

★★★★★

Эльчин Сафарли-Мен оралғанда үйде бол Бұл кітап әке мен қыздың махаббатының қандай байланыста екенін көрсете білгендей. Жаралы жас жаныма дем бергендей болды. Ханс қызы Достуды сағынса, мен әкемді сағынамын. Ханстың қызына жазған әр хатын әкемнің жазған хатындай, айтқан ақылындай қабылдадым. Мүмкін, әкенің ақылын аңсап жүргендіктен болар. Соңғы кездері әкенің махаббатын, еркелеткенін, айтар ақылын жаныма жетпей жүр еді. Бұл кітап сол орынды толтырғандай болды. Эльчин Сафарли шығармашылығымен алғашқы таныстығым дәл осындай керемет болады деп ойламап едім…

Менің қарындасым шығармасы жеңіл тілде, түсінікті жазылған шығарма. Мектеп жасындағы оқырмандарға да оқуға тұрарлық деп есептеймін. Әрбір әңгімесі қызықты да, әсерлі оқиғалармен өрбиді.

Шынымды айтсам осы кітаптан кейін біраз ойланып жүрдім. Адам әсте шындықтың түбіне жеткен бе? Дәл осы кейіпкердей шындықты айтамын деп өмірден баз кешу қаншалықты дұрыс? Әлде сол кейіпкер айтпақшы цирк көріп жүрген адамдар тәрізді өзімізді алдап өмір сүріп жүрміз бе? Өздеріңіз оқып ой түйерсіздер, жауабын табарсыздар…

★★★★★

әсерлі кітап

Автор: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» – соғыс жылдарындағы ауыл өмірін шынайы бейнелейтін әсерлі әңгіме. Шығармада әке-шешеден ерте айырылған Аянның тағдыры арқылы сол кезеңнің ауыртпалығы көрсетіледі. Аянның сабырлылығы, төзімділігі мен қиялға беріліп ертегі айтуы оның ішкі жан дүниесінің байлығын танытады. Жусан иісі – туған жердің, балалық шақтың символы ретінде берілген. Автор қарапайым тілмен терең сезімді жеткізеді. Әңгіме оқырманды мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелейді және жүрекке жылы әсер қалдырады.

«Менің қолымнан келеді» – Бодо Шефер 💪📖 «Менің қолымнан келеді» – жеке даму, мақсатқа жету және сенім арқылы өмірді өзгерту туралы шабыт беретін еңбек. 🌟 Бодо Шефер оқырманға өз қабілеттеріне сеніп, қиындықтарды жеңіп, арманға жетудің нақты жолдарын көрсетеді. ✨ Кітаптың негізгі идеясы — әр адам өз тағдырын өзі қалыптастыра алады. 🌿 Автордың тәжірибесі мен мысалдары оқырманға мотивация береді, өз-өзіне сенуге және әрекет етуге итермелейді. 💡 Мысалы, кітапта айтылған ой: «Сіз өз өміріңіздің басты кейіпкерісіз.» 🌟 Бодо Шефердің тәсілі өте нақты және практикалық: ол мақсат қою, жоспарлау, әдеттерді қалыптастыру және әрекетке көшу жолдарын қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіреді. 📚 Оқырман кітапты оқып болған соң өзіне сенім мен шабытты сезінеді, және кедергілерді жеңуге дайын болады. 💪 Кітап тек жеке даму үшін ғана емес, сонымен қатар кәсіби жетістікке, қарым-қатынасқа және өмір сапасын арттыруға да бағытталған. 🌸✨ Сондай-ақ, осы шабытқа толы кітапты оқуға мүмкіндік берген Paraqta Telegram арнасына шын жүректен алғысымды білдіремін! 🙏💛 «Ешнәрсе мүмкін емес емес, тек әрекет етпеу мүмкін емес.» ⚡ Бұл кітаптың негізгі идеясы дәл осы — өзіңе сеніп, қадам жасап, арманыңды жүзеге асыру. 🌟