Mazmun

Ермек Есқожа

📖 4 оқырман оқыды · 2 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Мыналарды PARAQTA-да тегін оқи аласың

Оқырман пікірлері (1)

📚 Ермек Есқожа «Mazmun» • бақыттылар – сұрақтарының жауабын дұрыс адрестен іздегендер. сұрақтарға тұшымды жауап таба алатын бір жер бар: ол – Құран. • «Құранға құрбан болуды, әлемге сұлтан болудан жоғары қоямын» • кемшіліксіз Алла ғана, ал құл – кемшілігімен көркем. құл болу – кемшілігін мойындау. адам өз бойынан көре алмаған кейбір қателер мен кемшіліктерді басқалар байқайды. • истиғаза – «ағузу билләһи минәш шәтонир-рожим» деген сөйлемнің қысқарған атауы. «истиғаза» сөзі «пана сұрау» дегенді білдіреді. • Истиғаза жасау – жан-дүниеңді иләһи атмосфераға бейімдеу. Истиғаза жасау – негатив ойлардан қашу, позитив көңіл-күйде болуға ұмтылу. Истиғаза жасау – үмітсіздіктен арылу. • Истиғаза - қандай қабілет тұрғысынан болса да адамның өзінің әлжуаз екендігін, «Құдайсыз қурай да сындыра алмайтынын» мойындауы. • Егер Құран оқып жатса, оны оқуға «бисмилләмен» бастау «Құранды түсіргенге мақтау-мадағын арнады, шүкір етті» деген сөз. «Егер шүкір етер болсаңдар, (нығметімді) арттыра түсемін» деген аятқа сай «бисмиллә» сол нығметтің берекесін арттыра береді. • Истиғаза арқылы жалқаулығын жеңіп, жақсы іске бет алған адамның ісін берекелі ететін ғажайып дұғаның аты - бисмиллә. Жамандықтан алыс екенін истиғаза арқылы нақтыламаған адам, бисмилләні айтып жақсылыққа қадам жасамасы анық. • мақтау – таңдау. Адам әлдекімді мақтау арқылы, мадақтау арқылы өз талғамының дәрежесін көрсетеді. • Адам болу – Алла тағайындаған орында қалу. • Таза болып көрінгісі келгендер алашаның астына қарай сыпырады, таза болғысы келгендер алашаның астын да сыпырады. Көріну мен болудың нәзік ұсын дәл табу қажет • Құранда «Алланың алдындағы ардақыларың – тақуаларың» деген. Тақуалыққа адам еңбекпен, ізденумен қол жеткізеді. Тақуалық Құдай беретін нәрсе емес, құл өз еңбегімен жететін нәрсе. Мұны біз «тақуалық» сөзінің Құранда «жасалған» деген мағынада «муттақа» деп емес, «істеуші, жасаушы» деген мағынада «муттақи» деп келгендігінен аңғарамыз. • «Кедейлік – сіздің ешбір нәрсеге иелік етпеуіңіз емес, сізге дүние-мүліктің ие болып кетуіне мүмкіндік бермеуіңіз». • өлім – ақыреттегі тіршіліктің «бисмилләсі» • Ислам діні — ғибадат діні емес, убудият діні. Ғибадат - белгілі бір рәсімдерді белгілі бр уақытта адам баласының тәні арқылы атқаруы. Убудият - жан- жүйесін, сана-сезімін, ақыл-ойын, таным-түсінігінің Құдай жолына сай болуын қадағалау һәм соған сай күніне 24 сағатын, айына 30 күнін, жылына 365 күнін, қысқасы, өмірін Құдайға деген құлдыққа арнау. Нығмет – сый-сыбаға. Адамның көңіл-күйін көтеріп, аз ғана ғұмырында бақытты сезіндіретін ғажайып сыйлық. Нығмет – шүкір еткен сайын көбейетін нәрсе. Ниқмет – нығметтің антонимі, яғни, адамның көңіл-күйін астан-кестен етіп кететін қатаң жаза, ауыртпашылық.