Streak, статистика, достар — тегін баста
Бірінші бөлімінде ойға түйер, алар нәрселер өте көп. Әзілзан ағамыздың әйелі - Халима әпкеміз өте мейірімді, кішіпейіл және керемет кісі екен. Үйленерде әйелімізге оқытатындай кітап екен, егер де біз сондай құрметке лайық болсақ!!!
Әйелдер тірегі ғой Бүкіл, бар адамзаттың! Солар аспанға көтерген, Ақ туын махаббаттың! — Махаббат деген не? — десе, — Әйелдің өзі! — дер едім. — Ләззат деген не? — десе, — Әйелдің сөзі! — дер едім. — Ең күшті нәрсе не? — десе, — Әйелдің әмірі! — дер едім. Әйелдердің барлығын: — Жердегі Тәңір! — дер едім.
Өзім өлгенде артымда қалдыруға қимайтын екі асылым бар еді. Оның біріншісі - өмірлік жан жарым Халимам, екіншісі - жарғақ құлағым жастыққа тимей өмір бойы жинаған кітаптарым
Халима менің созсам-қолымды, ойласам ойымды ұзартушы еді. Ақылыма ақыл, абыройыма абырой қосатын еді. Жатсам-жастығым, жантайсам төсегім болушы еді. Жабырқасам-жадыратушым, жаңылыссам түзетушім еді. Менің жан жарым, әдеби серігім, ардақты аяулым, асыл досым Халима осындай кісі еді...