Streak, статистика, достар — тегін баста
Мамандықтың мәні кітабы Өмірде таңдау жасау кезінде адам екі нәрседен қателеспеу керек деп жатады. Біріншісі-мамандық, екіншісі-өмірлік серік таңдауда Қазіргі таңда заман күннен күнге дамып, жаңа нәрселер мен мамандықтар пайда болып жатыр. Мамандық таңдамас бұрын қандай мамандық болса да оның мәніне мән беру керек. Әр адам бұның мәні не? Мен қалай көмектесе алам деп әрқашан ойланып, өз-өзіне сұрақ қойып отыру керек. «Адам таңдауды бір жағынан өзі үшін, екінші жағынан күллі адамзат үшін жасайды» Мамандық таңдамас бұрын барлық мамандықтар туралы оқып,ізденіп көру керек. Әр бір мамандықтың + мен - бар. Яғни мамандықтың мәні – қызмет. Ол – өзгелерге қызмет етуде, жұртқа шарапатыңды төгуде қарқындырақ күшпен, ықпалдырақ қуатпен әсер етуге мүмкіндік беретін құрал. Мамандық таңдауға көмектесетін бір кеңес:кітаптар оқыту Кітап болғанда да кез келген кітап емес, әртүрлі салаға қатысты кітаптарды кезек-кезек оқытып отыру. Түркияның тәжірибесіне жүгінсек, мемлекет балаға мектеп бітіргенше арнайы бекітілген тізімнен жүзге жуық кітапты оқып тауысуды міндеттейді. Ол тізімде әртүрлі мамандыққа қатысты әдеби шығармалар бар. Адам өзінің адамдық қасиеттерін сақтап қалуға да өзі жауапты «Өміріңнің сапасын білгің келсе, оны дәп солай қайта сүріп шығуға келісесің бе деген сауалға жауап бер», – дейді. Ажал сағаты таяғанда әр адам артына бір бұрылып, сүрген өмірін ойша таразылайды. Сондағы көп адамның сезінетін бірнеше өкініші бар. Соның бірі – адамның өзіне берілген еркіндікті пайдаланбауы.