Два года прошло с тех пор, когда зверское убийство жены ранее лежавшего в психиатрической лечебнице Джека Ренолдза потрясло маленький городок Седона. Вскоре оказывается, что у его пятнадцатилетней дочери парализовало ноги, приходится столкнуться с болью, страданиями и смертью. Некогда абсолютно ясны…
Streak, статистика, достар — тегін баста
"...ты навсегда в ответе за всех, кого приручил. ...Когда даешь себя приручить, потом случается и плакать" Маленький принц, Антуан де Сент-Экзюпери Кішкентай ханзаданы оқымаған адам жоқ емес, бірақ аз шығар. Орыс әдебиеті сабағында танысқан бұл повесть мен үшін метафизикалық кеңістікті бірінші болып жарған әрі бала санасында өмір мен өлім туралы ауыр ойларды қозғаған алғаш шығарма болар. Алайда, бұл шығарманы тереңірек түсіну үшін жас ұлғайған сайын оқи беру керек секілді. Бала кездегі мен қазіргі оқыған халдерім мүлдем басқа. Контекст тереңдей түседі. Шығарма кекетіп мұқататын ересектерге жақындай түскен соң ба? Бәлкім, солай. Үстінде келтірілген үзінді достық қуған бала кезімде әдемі көрінетін, қазір ауыр екен. Жауапкершілікке толы нақыл сөздер. Әрбір ересек ұмытпауы қажет сөздер. Бала кезімізде Кішкентай ханзада болсақ, қазір түлкі сияқтымыз. Кішкентай ханзада сияқты бауыр басу, қолғану үйрену ауыр болса, неге адамдар түлкі сияқты жанын қинайды екен деп ойлайтынмын. Қанша достық қаласаң да, басқа жанның алдында әлсіздік танытуды қаламайды екенсің ол кезде. Қазір бауыр баса алу да бір мәрттілік екенін түсінудемін. Түлкіге тәнті боласын. Дана адам ғана саналы түрде түлкі істеген әрекетке бара алады екен ғой деп те ойлаймын. Екі тарапты да жүрекпен көріп, бауыр басуды таңдай алатын дана адам ғана. Қайта оқып көріңіздер, ностальгия болсын. Бұған қоса, Антуан де Сент-Экзюперидің дұғасын тауып оқып көруді кеңес беремін, өте әдемі, жанды тербей алатын кісі ғой. Солай. Бағам 9/10 (абстрактті ауыр шығармаларға 10 қойғым келмейді екен)