Streak, статистика, достар — тегін баста
Сарбаздар құла айғырды сауран дейтін. Бұл сөз оларға осыдан мыңдаған жыл бұрынғы ата-бабаларынан мұра боп жеткен еді. Азия скифтері арқасында жалынан құйрығына дейін созылған қара жолағы бар ақсары түсті жүйрік аттарды сауран деп атайтын болған. Аңыз бойынша, саурандар жабайы арғымақтардан туса керек және де өздері ерен жүйрік, шыдамды да сезімтал болса керек. Олар жауды иісінен сезеді деседі...
Жалын лаулай түсті. Қараңғылық та оттан алысырақ кеткендей. Көпшілік Құрманғазының күйін ұйып тыңдап қалыпты. Жиделі тұрғындары Құрманғазының жаңа күйін, азаттық жолындағы күреске бастайтын жаңа серпін — «Серпер» деп атады...