Роман

Махаббат қызық мол жылдар

Мұхтар Мағауин

Мағауиннің классикалық романы. Жастық шақ, махаббат және өмір мәнін іздеу туралы. Қазақ прозасының алтын қорынан.

📖 91 оқырман оқыды · 57 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Оқырман пікірлері (4)

★★★★★

Бүл кітап арқылы өмірге деген көзқарасым өзгерді. Өмірде әртүрлі адам болатынына, тіпті шығармадағы айтылған адамдардың мінездері,адалдығы,өз пайдасына ойлайтын адамдар қазіргі кезде де бар. Шын ғашықтар қосылмайды деген осы кітапқа қатысты. Қыздар,жігіттер әрқашан да өз махаббаттарыңа адал болыңдар. Оқуға кеңес беремін 10/10.

Жақсы кітап екен. 30 жасқа келіп бірінші рет қазақша кітап оқуым еді, жақсы оқылды. Роман десе роман екен, аяқ жағында автобуста оқып отырған жерімнен көзімнен жас ағып, бір эмоцияға берілдім. Сполйер жазбай ақ қояйын, бірақ барлфқ жастарға оқу керек кітап деп түйдім. Бәріміз студент болдық, бәрімізде де сол махаббат сезімін бастан кешірдік, бірақ сондай адамдардфң да барын, және де сондай оңбағандық әрекетті сырттан оқып, жеркенуі тиіс деп ойлаймфн жастар.

Махаббат қызық мол жылдар

«Махаббат, қызық мол жылдар» романына рецензия 💫📘 Әзілхан Нұршайықовтың бұл туындысы — қазақ жастарының талай жүрегінен орын алған, сезімнің ең мөлдір күйін сақтап қалған ерекше роман. Шығарманы оқып бастасаң, студенттік өмірдің елеусіз көрінетін, бірақ жүректе мәңгі сақталатын сәттері көз алдыңнан тізбектеліп өтеді. Романның өзегі — Ербол мен Меңтайдың адал сезімі. Олардың махаббаты күнделікті кездесу мен қысқа хаттардан басталып, уақыт пен қашықтыққа қарсы тұратын биік сезімге айналады. Еркелікке толы студенттік кез, өмір сынақтары, арманға ұмтылған екі жүрек — бәрі кітапта жымдасып кеткен. 🌿 > «Сенім – махаббаттың тірегі» — бұл романның үнсіз айтылатын негізгі идеясы секілді. Жазушының тілі — табиғи, жүрекке салмақ түсірмейтін жұмсақ әуез. Әзілхан аға сезімдерді асырып боямайды; керісінше, шынайылықтың өзіне орын береді. Оқырман кейде хат оқып отырғандай, кейде күнделік парақтап отырғандай күй кешеді. Қазақта: «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» дейді. Бұл шығарма — осы сөздің дәлелі. Романдағы студенттік орта – жатақхана, сабақ, қоғамдық жұмыстар, достық — бәрі тірі сурет. Ескі заманның исі бар, бірақ бүгінгі оқырманға да түсінікті, жылы әлем. Автор уақытты қатал сыншы емес, жастық шақтың нәзік күзетшісі етіп көрсетеді. Соғыс көлеңкесі де сезіледі: ауыр жылдардың демі автордың өмірінен өткендіктен, оның әр жолында терең тыныс бар. Бірақ сол ауырлықтың өзі романға үміт отын сөндірмей, қайта күшейте түседі. > «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» — дейді халқымыз. ✨ Бұл кітап та жақсылықтың, адалдықтың, сабырдың нұрын шашып тұрғандай. Ең соңында ерекше атап өтерім: 🌟 Осы кітапты оқуға мүмкіндік жасаған Paraqta Telegram арнамызға зор алғыс! Сол арнаның арқасында көптеген құнды шығармаларға қол жеткізіп, рухани байып отырмыз. 📚💛 «Махаббат, қызық мол жылдар» — тек роман емес, жастықтың жыр-әні, көңілдің күнтізбесі. Оны оқыған адам өз өміріндегі ең бағалы сәттерді қайтадан сезінеді.