Streak, статистика, достар — тегін баста
Данияр Жігітбек "Лайфхактар кітабы" Кітап жеңіл тілде,қысқа да нұсқа жазылған. Тек қана ақпарат емес, практика түріндегі мысалдарды да келтірген. Соңғы кездері шешім қабылдай алмай жүр едім, осы кітапта айтылған Истихара сүресін оқып, шешімін таптым. Кітаптың әр бір бөлімінен пайда алуға болады, бір рет емес бірнеше рет оқу керек кітап. Өлімнен қорықпау керек, бірақ өмірім мәнсіз өтіп кете ме деп қорқу керек. Жүрегім жұмсарсын, ойларым ретке келсін, мақсатым айқындалсын десеңіз, өлімді еске алып тұрыңыз. Өмірдегі қиындықтарға қатысушы ретінде емес, бақылаушы ретінде қарай білу керек екен. Мұхаммед пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «мықты адам біреуді күресте жеңген адам емес, өзінің ашуын тежей алған адам» деп айтқан. Шұғыл нәрселер маңызды болмайды, маңызды нәрселер шұғыл болмайды. «Жылдам – бұл баяу, бірақ тұрақты түрде істелетін іс» Ол оларды «махаббаттың бес тілі» деп атады. Олар: 1. қолдау сөздері; 2. сапалы уақыт; 3. сыйлық сыйлау; 4. қызмет ету; 5. физикалық қарым-қатынас. Өзіне сенімсіз адам өзін мықтырақ етіп, мысалы, байырақ, білімдірек, күштірек, әдемірек етіп көрсетуге, біреуге бір нәрсе дәлелдеуге тырысады. Кітапты оқымастан бұрын «Мен бұл кітаптан не алғым келеді?» деп, мақсатыңызды айқындап алыңыз. “Өзіңді өзгертпесең, өміріңде ештеңе өзгермейді”