Көксерек

Мұхтар Әуезов

📖 251 оқырман оқыды · 71 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Мыналарды PARAQTA-да тегін оқи аласың

Оқырман пікірлері (13)

★★★☆☆

Адам табиғатқа қарсы шығам десе-қателескені

★★★★★

Шығарма өте керемет жазылған.Қасқырдың мінезін суреттеу шеберлігін айта алмадым, жай ғана оқып қоймай, тура сол табиғаттың қатал заңдылығын көз алдыңнан өткізгендей боласың.

★★★★★

Өте керемет қызық шығарма ең қатты ұнады

3-ші күн. «Көксерек» кітабын бітірдім. Соның ішіндегі бүгінгі соңғы әңгіме — «Қорғансыздың күні». Өте ауыр шығарма екен. Соншама адамның қалай оңбаған болатынын түсіну қиын. Біреудің онсыз да қайғырып отырғанын біле тұра, оның күнін одан сайын қараңғылыққа айналдыратын адамдар болады екен. Ал Ғазиза небәрі 13 жасар қыз еді ғой… Оқып отырып, бір сәт өмірден түңіліп кететіндей әсер аласың. Бірақ бәрі бірдей емес. Сол ғана өмірде әлі де кішкентай болса да жарық сәуле, үміт бар екенін еске салады.

★★★★★

Бұл шығарма туралы көп естісем де, оқуға ниет болмады. Марафон себебімен аяқтадым. Бір деммен оқып бітетіндей екен. Оқиға желісі өте-мөте қызық, тартысты да еліктіретіндей екен. Сізге де оқуға ойланбастан кеңес беремін.

Адам табиғатты бағындыра алмайды. Көксеректі үйге әкеліп асыраса да, бәрібір қолына үйрете алмады. Соңында Көксеректі жығып өлтерігені, адам табиғатты бағындыра алмаса да қиянатын жасай алады дегім келеді. Көксерек - жаман да емес, жақсы да емес, бастысы басты кейіпкер!

2-ші күн. Көксерек кітабында, тағы да Жетім, Қоғансыздың күні бар екен. Көксеректі де, жетімді де оқып, ауыр сезім келді. Құрмашты аяп, сосын Көксеректі ле бір жағынан қимайсың. Сосын Жетімді оқып тағы бір жылап алдым. Өзі он жасар кіп-кішкентай бала, соншама өмір тауқыметін көріп дүниеден озған. Енді бүгін кеше үшінші әңгімені оқимын. Ол-Қорғансыздың күні.

★★★★★

Қасқыр туралы шығармаларды ұнатып оқимын. Неге, өзім де түсіне алмаймын. Бала кезден қасқыр туралы түрлі өтірік-шынды әңгімелерді естіп өскендіктен болмаса әке-шешем далада мал баққандықтан да болар. Құрмашты фильмдегі бейнесімен ғана елестетемін. Сол сияқты "Адамдар арасындағы бөлтірік" киносындағы кейіпкер бейнесі. Ал Көксерек мен үшін бала кезде көрші асыраған қасқырдың күшігіндей есімде қалған. Ол күшік те ешкімге қосылмайтын. Біздің үйдің ауласында өсіп тұрған жүрегі ме, сыпырғыш ба соның арасында жататынын талай көргенмін. Күшік болса да, сұсы басып тұратын. Сескенетінмін, қорқатынмын. "Көксеректің" оқып сол сезімдерді қайтадан бастан өткердім.

★★★★★

Кітапты қайта оқып отырсам, Көксерек айналып барып өз үйірін тауыпты ғой. Бұрын оқығанымда мән бермеппін, көк шолақ пен үлкендеу ақ қасқыр деп сипаттағанда ішімнен міне саған деп таңғалыппын.

Қазір VII тарауға келдім. Мектеп кезінде оқығанмын ау, бірақ есімде жоқ. Қазір 32 беттің өзінде, үлкендердің “ Қасқырды қанша асырасаң да , орманға қарап ұлиды” деген мақал-мәтелдің бекер айтылмағаны. Қасқыр еркіндіктің жануары, оны қолға үйрету мүмкін емес. Қасқыл балғын етпен қоректенеді, және де ол өзінің ұстаған олжасын ғана жейді. Әзірге Құрмаштың өлгені қатты жанға батты.

«Көксерек» — жай ғана қасқыр туралы хикая емес. Бұл — сабақ. Табиғатқа қиянат жасамау, оның заңдарына құрметпен қарау керектігін ұқтыратын философиялық туынды. Ол жүректі ауыртады, бірақ өмірдің қатал шындығын көз алдымызға әкеледі.

★★★★★

Көксерек - жаныңды тебірентетін, күшті шығарма. Мұхтар Әуезов адам мен табиғаттың арасындағы шекараны қасқыр мен баланың тағдыры арқылы шебер көрсеткен. Оқып отырғанда Көксеректі аяп та, қорқып та кетесің ол не толық жауыз, не толық құрбан емес. Аяқталуы ауыр, бірақ есте қалады. Қысқа болса да, өте тереңі бар шығарма. Ұнады, оқуға кеңес беремін 10/10

★★★★★

🥹🥹🥹🔥🔥🔥