Streak, статистика, достар — тегін баста
«Көк мұнар» — оқырманды «бейшаралықтан» кемелдікке жетелейтін, ғылым, махаббат, тарих және тағдыр тоғысқан үлкен белес. Мағауин бұл шығармасы арқылы бізге өмірдің мәнін, ғылым жолындағы қиындықтарды және адам жанының тазару процесін көрсете білді. Едігедей күрделі кейіпкерді қабылдай алу — өзіңді, өз болмысыңды танудың бастамасы. Бұл роман — сөреде шаң басып жататын емес, әрбір жаңа кезеңде қайта оқып, әр жолы жаңа инсайт сезімін сыйлайтын, рухани жағынан өсуге көмектесетін шоқтығы биік туынды.
Адамзаттың даму жолы спираль тектес деседі. Сананының дамуы да сол тәрізді. Кісі неғұрлым білген сайын өзін соғұрлым бейшара сезінеді. .... дамудың жоғарғы сатысындағы адам дамудың төменгі сатысындағы адамға орта буынмен салыстырғанда әлдейқайда жақын. Мағауиннің Көк Мұнарында оқитын не бар деп сұрасаңыз, не жоқ деп сұра дер едім. Пах, шіркін, не деген азық мынау дер едім. Сананы Мағауин өзі айтқандай спиральдайтын азық. Әлем дейсің бе, мақсат дейсін бе, ғылым дейсін бе, тарих дейсің бе, әдебиет дейсің бе, достық дейсің бе, махаббат дейсің бе, өмір дейсің бе бәрііі бар. Монологы тұнып тұрған пайымдау, диалогы тұнып тұрған көзқарастар қақтығысы, ал табиғаты ше мына шығарманың? Сіз жауынды бұрын-cонды сөзбен сезіп көрдіңіз бе? Оқи отырып, саусақтарыңызға жаңбыр тамшысының тиіп, дененіз түгіл жаныңыз тітіркеніп, артынан суға шылқып, бірақ сол шылқығанмен тазарған, қайтадан тірілген күйге еніп көрдіңіз бе? Менде бүгін оқи отырып, сондай Эврика сезімі болды. Осыны түсінгенде, жауынды сонша бүге-шүгесіне дейін сезе алған Мағауиннің жанында мен өзімді мүсәпір бір бейшарадай сезіндім де қалдым. Тәнімнің сезу, көзімнің көру, жүрегімнің сезіну потенциалына жете алмағаны-ау деп ойладым. Романның басты кейіпкері Едіге, Эдуар дейсің бе, өзің біл. Басынан айтайын, Gallup Тop 1 Таланты Maximizer. Intellection, Relator, Ideation, Focus та топта. Empathy сәл-пәл қосылады да сөнеді. Қызық та өзгеше жан. Роман кейіпкері қашан қарапайым болушы еді дейсің ғой :) Бірақ күрделі жан енді, оқу керек. Ойы бөлек, арманы биік, мысы бар адам, бірақ перғауын болады да қалады ғой , басқаша айта алмаймын, спойлер болмасын. Ғашық бола алмайсың оған, менің ойымша. Едігені тек қабылдай алу керек, өзіңді қабылдай алғандай (қабылдай аласың ғой, иә?). Содан кейін ғана оқиғаның мәнін, хикметін түсіне аласың. Оқығысы келетіндер болып қалса, әдемі оқу болсын. Бірақ сезімнен, ойдан шаршап жүрген адам оқимын десе, оқыма, жаным, демал деп айтушы едім. Демалшы. Мен әдемі бастап, шаршап, сосын тастап, демалып, қайта ашып қана бітірдім бұл шығарманы. Солай. Бағам 8/10.