Streak, статистика, достар — тегін баста
Бұл шығарма — қылмыс туралы ғана емес, адамның ішкі дүниесі, ар-ұяты және өз-өзімен күресі туралы шығарма. Маған Раскольниковтың бейнесі ерекше әсер қалдырды. Негізі ол білімді, ойлы, мейірімді адам. Бірақ өмірдің ауыртпалығы, жоқшылық және қоғамдағы әділетсіздік оның көзқарасын өзгертеді. Ол өзін өзгелерден жоғары қойып, «әділеттілік үшін» қылмыс жасауға болады деген ойға келеді. Алайда теория мен шынайы өмірдің айырмашылығы өте үлкен екенін қылмыстан кейін түсіне бастайды. Раскольниковтың трагедиясы да осында. Ол әділетсіздікпен күрескісі келді, бірақ өзі жасаған әрекет арқылы өмірін одан сайын қиындатып алды. Қылмысынан кейін оны ең қатты қинайтыны — жазадан қорқу емес, өзінің адамдық болмысымен қарама-қайшылыққа түсуі. Кітапты оқып отырып, «Егер Раскольников бай отбасында дүниеге келсе, оның өмірі қандай болар еді?» деген ой келеді. Мүмкін, ол өзінің білімін басқа жолға жұмсап, қоғамға пайдалы адам болар ма еді. Бірақ Достоевский бізге оның тағдырын бір ғана жағдаймен түсіндіруге мүмкіндік бермейді. Адамның өміріне әлеуметтік орта да, жеке таңдауы да әсер ететінін көрсетеді. Шығармадағы ең маңызды ойлардың бірі — қандай мақсатты көздесең де, адамгершілік шегінен аттаудың салдары болады. Раскольников өз идеясын ақтауға тырысқанымен, оның ар-ұяты оған тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Меніңше, бұл романның құндылығы — оқырманды дайын жауапқа емес, өз-өзіне сұрақ қоюға мәжбүрлейтінінде. Адамды қылмысқа не итермелейді? Әділетсіздікпен күресудің шегі қай жерде? Жақсы мақсат жаман әрекетті ақтай ала ма?
Мәңгілік бала бейне шығармасы адам жүрегінде өшпес із қалдыратын шығарма. Ауыр нәубеттің қанша адамға тигізген зардабын баяндап, бір кейіпкердің өмірін күл талқан еткені жайлы жазылады.
Романның өзегі — қарапайым матрос Мартин Иденнің жоғары тап өкілі Руфь Морзға деген махаббаты үшін өз-өзін өзгертуі. Ол білімсіздіктен зиялы қауым деңгейіне дейін көтеріліп, танымал жазушы болуды мақсат тұтады. Автор бұл жерде адам мүмкіндігінің шексіздігін, бірақ сонымен бірге жетістік пен атақ-даңқтың жалғандығын көрсетеді. Бұл кітапты оқығаннан кейін «атақ пен ақша бақыт әкеле ме?» деген сұраққа басқа қырынан қарайсыз. Бұрын жетістікті тек сыртқы жылтырақпен өлшеген оқырман, енді ішкі бостықтың қаупін сезінеді. Шығарма адамды айналасындағы адамдардың шынайы бет-бейнесін тануға, тобырдың соңынан ермей, өз шындығыңды сақтауға үйретеді. Бұл кітапты өмірден өз орнын іздеп жүрген, қиындыққа мойығысы келмейтін әрбір жасқа таптырмас рухани құрал ретінде ұсынуға болады. Өзгергіңіз келсе, міндетті түрде оқыңыз!
Еркіннің тағдыры арқылы,бүкіл өмірді көрсете білген әсем шығарма. ✅
Пайғамбарлар жайлы нақты әрі қысқа-тұжырымды жазылған құнды еңбек.
Мен Қасым Қайсенов атамыздың «Жау тылындағы бала» атты шығармасын оқығанда өне бойымнан сан түрлі сезімдерді өткердім. Кейіпкерлердің қайғысымен бірге мұңайып, кішігірім қуанышымен бірге қуандым. Соғыс жылдарындағы сұрапыл оқиғалар мен қайғы қасіреттерді көз алдыма елестетіп,сан алуан ойларды бастан кешірдім..Шығарманы тәмәмдаған сәтте бойымды рух пен еліме деген ыстық махабат кернеп өзімді қояр жер таппадым.Осы бір ғажайып туындыны сіздердің де оқуларыңызға кеңес беремін!
Байлардың арасындағы тартыста бей күнә жандардың қиын тағдыры
Дулат Исабековтің «Сүйекші» атты шығармасы– адам тағдыры мен қоғам шындығын терең бейнелейтін туынды. Шығармада қарапайым адамның өмірі арқылы адам қадірінің төмендеуі, жалғыздық пен немқұрайлылық мәселесі көтеріледі. Автор кейіпкердің ішкі жан дүниесін шынайы суреттеген. Шығарманың мағынасы өте терең. Шығарманы оқып отырып қайта қайта көзіме жас алдым. Мүмкін қоғамдада осындай адамдар бар шығар. Жалғыздық та, өмірге не үшін келгенін білмейтін, өмірі мәнсіз, ешкімі жоқ деген сияқты. Кітапты оқығаннан кейін біраз уақыт ойланып отырып қалдым. Басты кейіпкердің тағдыры өте ауыр болды алайда ол мұнлай өмірге лайық емес еді. Оның бойында, ішінде ешқандай өкініш болмаса да, менің жан дүниемде көп өкініш қалды. Басты кейіпкер балалық шақты, ата-ана мейірімін сезінбеді, оқи алмады, біреудің тепкісінде жүріп, айқайын естіп өтті, сырласатын жақыны болмады, басқалар сияқты отбасы, бала бақытын да сезіне алмай өмірден өтті. Исабековтың бір-екі шығармасын оқыған едім алайда "Сүйекші" шығармасын бірінші рет оқыдым. Барлығына бұл кітапты оқуға кеңес беремін. Себебі оның адамға берер өмірлік мәні өте жоғары.
Алекс Михаэлидес "Безмолвный пациент" Жанр:психологиялық триллер и детектив Негізгі түйін: Опасыздық пен қызғаныштың салдары ауыр. Бұл сезімдер адамды қылмысқа дейін жеткізуі мүмкін. Адам психикасы сенімсіз. Оқиғалар бір адамның көзқарасымен ғана берілсе, шындық бұрмалануы мүмкін. Үнсіздік — әлсіздік емес, қорғаныс. Шындық кеш те болса ашылады. Қанша жасырылса да, ақиқат өз жолын табады. Бағам: 💎💎💎💎💎
Мағжан Жұмабайұлы ұлының жазбаларына сүйеніп жазылған кітап,қазіргі таңдағы кішкентай балдары бар барлық ата-аналар оқуы керек кітап,бала жоспарлап жүрген отбасылы болғысы келіп жүрген қыздар жігіттер оқып болашақ балдарына саналы түрде дайындалуына көп көмегі бар кітап.Мұғалімдерге де қажет кітап екен.
Кітап өте керемет, бірақ арасында кейбір келіспейтін тұстары да бар. 10/10
Мұхтар Мағауиннің “Сары қазақ”шығармасын оқуға ниеттенгеніме де біраз уақыт болыпты. Қолымда бастап қойған, жартысына жетіп қалған кітаптар тұрғанда, “мұның да кезегі бір келер” деп кейінге ысырып қойып жүргенмін. Бірақ шығарманың аты қызықтырып қойған соң, А. Скаков пен Х. Ердеханның осы шығарманы талдағандарын тыңдап, біраз әсер алып, нақты оқу керек екен дедім. Қазақтың тарихына терең бойлатып, оқырманын бірден өзіне тартып алатын шығармалар мен үшін ерекше. Бұл туынды да сол қатардан. Сөйтіп бүгін сол шығарманы тәмамдап, соңғы бетін жапқанда, еріксіз бір күрсіндім. Қазақтың басынан нәубет қай заманда да арылмаған. 1465 жылы хандық болып құрылғалы бері сан қилы сынақты бастан өткеріп, күні кешеге дейін тарих сахнасынан таймай, өзін сақтап қалған халық – қазақ. Қазаққа жау да, қиянат та ешқашан тапшылық етпеген. Аштық та, соғыс та, түрлі сұм саясат та – бәрі де қазақты тұтасымен құрту үшін қолдан жасалған. Мың өліп, мың тірілген халық деп бекер айтылмаса керек. Осы шығармада да сол отарлық зұлматтың қазаққа жасаған сұм пиғылы айқын көрініс табады. Жау деп жатсынбай, керісінше бауырына басып, қонақжайлық танытқан қазақтың кең пейілін суреттеген тұстар тіптен жүректі жылытады. Бұрын “тағы”, “жабайы” деп бұрмаланған кітаптардағы қазақ шын өмірде ақкөңіл, адал, арам ойы жоқ, барға шүкір ететін халық екені айтылады. Сұм саясат қай кезеңде де өз дегенін жасайды. Біреу қылмыс жасаған күннің өзінде, жоғары шенділер құтылып кетіп, қарапайымдар жазаға тартылатын. Еш кінәсіз адамдарды Сібірдің адам аяғы баспаған өңірлеріне айдап жіберу – сол дәуірдің әдетке айналған озбырлығы. Ал нағыз қылмыстың басында тұрғандар “ауырып қалыпты, емделу керек екен” деген сылтаумен шетел асып, сайрандауға кететін. Шығарма сол кезеңдегі тарихи жағдайды барынша дәл әрі шынайы бейнелейді. 19 бен 31 жас аралығындағы азаматтарды тыл жұмысына алу туралы жарлық шыққанда, көзі ашық, оқығандар баруды ұсынғанымен, арандатушылар “бармау керек, өлтіреді” деп азғырған. Сонда шығармада патша өкіметінің шын ниеті ашық айтылады: олар қаласа, ешкімді қырмай-ақ ала алатын еді. Бірақ олардың көздегені – қазақтың санын барынша азайту еді. Автор бұл туралы шығармасында былай дейді: Соның бәрі кімнің соры десең, соның бәрі ең алдымен біздің сорға - қазақтың сорына болып шықты. Жүз адамның жетпісі өлсе отызы қалады, отыз жыл өтпей қайтадан жүзге толады. Он адамның жетеуі кетсе не қалады? Қаншама заманнан соң ортасы толады? Кеше өзінен еңсесі төмен тұрған тоғыз тоқсанға ілініп, толықсып отырғанда, ендігі жүз болатын, ұзамай мың болатын, шалқып дәурен сүретін кешегі онның сарқыншағы - аштық тозағы, ұждан тамұғынан өткен, жетім-жесір, қорқақ жалтақ үшеу бұрынғы санына жете ме, жетпей ме? Жетсе, баяғыдай жүре ала ма, әуелгі орнын ала ала ма? XX ғасыр адамзатқа апат әкелсе, сол апаттың ең ауыр салмағы қазаққа түсіпті. Сары қазақтың басынан кешкендері оқырманды өзіне баурап алары сөзсіз. Орыс болып дүниеге келгенімен, ата жұрты қазаққа табысып, өмірінің соңында “неміс тыңшысы” деген желеумен тергеуге ілінгенде де, небір қара күйені жаққанда да мойымай, өзін қинағандарға тек ғана “Қарғыс атсын сендерді. Күндерің санаулы, өз көрлеріңде өздерің тұншығасыңдар әлі”, – дейді. “Қарғыс атсын” бұл халықаралық санатындағы ағылшын тілінде де емес, неміс философтарының қарызын өтеу үшін неміс тілінде де емес, жан ышқынғанда шығатын ана тілі-орыс тілінде де емес, XX ғасырда барынан түгел айырылған ең бақытсыз қауым – алаш жұртының сөзі екен. Өзіне тек баурап ғана қоймай, азды-көпті мәлімет беріп, көкірек көзіңді ашатын бұл шығарманы әрбір қазақ оқу керек екен деген ой түйдім. 🔆
🤩 бұл кітапта бірнеше шығармалар қатар келеді. 🏠 әңгімелер ☔️ байдамтал бойында. тағдыр сені өзі әкеліп тұрғанда жалтара қашқаның не болды?! ❤️🩹 қызыл алма. олар жоғалтқан бір ұлы зат қызыл алмадан басталды. 🌹 атадан қалған тұяқ. әкеге артынан ұрпақ қалғаны маңызды болса, балаға кімнің ұрпағы екенін білу маңызды шығар. 🏔️ сыпайшы. ұрпақтан ұрпақ жалғаса берген сайын араларында қайшылықтар көптеп болып жатады. ең бастысы соңында бір-бірін түсінуі, жақсы көруі, қолдауы. 🌧 ақ жауын. ана жүрегі. баласының бақыты мен өз қалағанының арасындағы таңдауы. 🕯️ мұрап. достық пен махаббаттың көрінісі орын алған туынды. 🗻 повесть. ботакөз. анархай жеріне барғым келіп кетті. кемелдің армандары мен оның пәк, балаша ойлауы жаныма жақын тиді. абакирді қанша ақтап алуға тырыссам да, сұм адам сұм боп қалады екен-ай. ботадай көзі бар қыздың қайда кеткені сол бойы белгісіз боп қалды. бұл шығарма ұнады, сөйтсем шерхан мұртаза аударыпты, сәйкестік бәлкіім¿ 🐎 повесть. ерте келген тырналар. соғыс кезі. жастайынан есейген балалардың бір-біріне бауыр болуы. соғыстың тауқыметін көріп жатқан, мұңын шағып жатқан халық. сұлтанмұраттың махаббаты, түсінігі, достығы - жүрекке қуаныш сыйлайды. сол кездегі махаббаттың көрінісі - хат жазу, сол хатқа жауапты ұзақ күту. 🚎 пьеса. көктөбедегі кездесу. бұл бір әдемі кетті. қойылымы бар екен. бір сұмпайы жұрттың жиналып өзін-өзі ақтауы. еңбегім адал, киімім түгелден басқа дым білместердің әңгімесі. мұқтажға көмектестім деп сөзбен қоя салатындар. бір парасаттылық жоқ-ау деп ойладым. соңы таң қаларлық болды, әр кейіпкерді ашқандай болды, керемет! қызыл алма. шыңғыс айтматов
Бұл кітапқа пікір жазбасам айып болары анық) “Ұлпан” романын даттайтындар да бар, асырып мақтайдындар да бар. (Қалыптасқан үрдіс.) Өз басым екінші топтың қатарына қосылуды қалап тұрмын. Мақтауға әбден лайық туынды. Ғабит атамыздың санасында қаншама жыл толғап, жарыққа шығуы кешуілдесе де, түбі сәті түсіп, қалың оқырманға нәсіп бола алған шығарма. Оқырман бұл шығармадан өзіне не керек, соны іздеп тауып ала алады. Күмәнсіз. Қазақи құндылық, отбасы өмірі, әйел мен ердің өзін-өзі ұстауы және бір-біріне деген мәмілесі, дүниеге деген көзқарас, жүрек пен пейілдің кеңдігі, ой, айта берсе өте көп. Асылында қазірден бастап осы романды “paraqta”, оқуды баста) Оқыңыз. Тоқыңыз. Бөлісіңіз.