Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері. Тиімді тілдесу құпиялары

Ларри Кинг

📖 24 оқырман оқыды · 1 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Мыналарды PARAQTA-да тегін оқи аласың

Оқырман пікірлері (1)

Ларри Кинг "Кез келген адаммен,кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері" Ларри Кингтің бұл кітабы – қарым-қатынас мәдениетін дамытуға арналған ең танымал әрі пайдалы еңбектердің бірі. Кітаптың негізгі мақсаты – адамның өз ойын анық жеткізуіне, еркін сөйлесуіне, сұхбат барысында сенімділік танытуына көмектесу. Автордың айтуынша, жақсы сөйлесу – табиғи талант емес, үйренуге болатын дағды Кітапта Ларри Кинг ең алдымен тыңдай білу қабілетінің маңызын ерекше атап өтеді. Оның ойынша, нағыз жақсы әңгімелесуші көп сөйлемейді, керісінше қарсы адамды түсініп тыңдайды. Кітаптың тілі жеңіл әрі түсінікті. Оқырманды жалықтырмайды, керісінше өзіне қызықтырып, практикалық ойлануға итермелейді. Ларри Кинг оқырманға тек «қалай сөйлеу керек» дегенді емес, адамдармен қарым-қатынас орнатудың психологиялық қырларын да көрсетеді. Кітаптағы негізігі кеңестер: 1.Көп сөйлемей, тыңдай біл. Нағыз жақсы әңгімелесуші – жақсы тыңдаушы. 2.Әңгімеге дайын бол. Қарсы адам туралы алдын ала аздап ақпарат білу пайдалы. 3.Көзбен байланыс жаса. Бұл сенімділік пен қызығушылықты көрсетеді. 4.Жымиып сөйлес. Жымию адамдарға жылы әсер қалдырады. 5.Өзіңді сенімді ұста. Дауыс, қимыл, тұрыс бәрі маңызды. 6.Қарапайым және анық сөйле. Артық сөзді көбейтпеу керек. 7.Ашық сұрақтар қой. «Иә/жоқ» емес, кең жауап беретін сұрақтар пайдалы. 8.Қарсы адамның сөзін бөлме. Бұл мәдениеттіліктің белгісі. 9.Адамның атымен сөйлес. Есімін айту жақындық орнатады. 10.Тақырыпты қызықты етіп дамыт. Бір тақырыпта тұрып қалма. 11.Өзің туралы көп айтпа. Әңгімеде тепе-теңдік болуы керек. 12.Әзілді орнымен қолдан. Шамадан тыс емес, жеңіл әзіл адамдарды жақындатады. 13.Дауыс ырғағын бақыла. Өте қатты немесе тым баяу сөйлемеу керек. 14.Дене тілін дұрыс қолдан. Қол қимылы, бет әлпеті сенің сөзіңді толықтырады. 15.Қарсы адамды құрметте. Әр пікірді тыңдап, сыйластықпен жауап беру маңызды.