Streak, статистика, достар — тегін баста
Дулат Исабековтың “Гаухартас” шығармасын оқып аяқтадым. Шығарманың соңына жақын көз жасымды тоқтата алмадым. Сондай сұлу, әрі нәзік, ерке мінез, жайдары көңіл, гүлдей құлпырған Салтанаттың шынайы әйел бақытын сезінгенін, күйеуінің, асыл жарының махаббатына бөленгенін қатты қалап-ақ едім… Ыбыштың Салтанатқа деген көзқарасы өзгеріп, мінезінің өзгергенін, әйелінің бойындағы сұлулық пен нәзіктікті көре алғанын, оны аялап бақытты еткенін қалаған едім… Ия, әсте махаббат дегенді түсіну қиын ба? Әлде, махаббатыңды білдіру қиын ба? Әйел жанының нәзіктігін түсіне алған ер азамат қана бұл өмірдің шынайы бақыты мен шаттығын көре алатын шығар. Бірақ жастайынан қанға сінген қаталдығы, мінезі, болмысы, әке-шеше алдында қаймығуы оның өзгеруіне тұсау болғандай-ақ. Жүрек түбіндегі нәзік сезімді аялай алмасаң, ол да саған шаттығын сыйлай алмас. “Қолда барда алтынның қадірі жоқ” деген халық даналығы шығарманың түйіні болғандай-ақ. P.S. Бұл кітапты 2 жыл бұрын оқыған едім, сонда жазған пікірім…
Маған бұл кітап қатты ұнады ойланған сөздері айтқандары Салтанаттың еркелігі осы кітаптан түйгенім адам ға қолда бар алтынның қадірі жоқ.Ыбыш Салтанатты өте қатты сүйді Тіпті Қайыркеннен де бірақ ол дым дей алмады Себебі оны солай тәрбиелеп тастаған.Дулат Исабеков ағамыздың сөздік қорын қараш ол әйелі өлсе де жылаған жоқ деді қайғы шегіп отқан адамды 10 орап алатындай деген.Осы жер әдемі айтылған деуші едім.Соңынла әкесі не сіз мені осылай тәрбиелеген деп кесіп айтқаны Ыбышқа ауыр тигенін әкесі сезді бірақ солай тәрбие болғансоң.Ыбыш көп сөйлемейді оның сөздері тек қума есің дұрыс па дегендей болды сол арқылы түсінген адамға Салтанатқаьлеген сезімін ақырын білдірді.
"Гауһартас" шығармасын оқу барысында баяғыдан белгілі қазақ қоғамындағы "қыз тағдыры "өте ауыр. Қазір жоғалып кеткен ұят тақырыбы . Анасынан ұлдың болашақ келіншегі жайлы женгесінің қозғауынан ұялуы,келіннің жаулауда ән салуын қайнысы көріп қалғанынан жеңгесінің қызара ұялуы,апама айтпа деп жалынуы қазір жоғалып кеткен ұлттық құндылықтар .Бұл керек бізге,бірақ Ыбыштың бойындағы мінез әйелмен мәмілесі керек емес,безгектей етіп кекірейген көр соқырлық,еркек еркек болу керек деген тәрбие жүйесі талай Салтанаттардың тағдырын аянышты етері сөзсіз