Kazakh literature

Гауһартас

Дулат Исабеков

📖 277 оқырман оқыды · 187 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Мыналарды PARAQTA-да тегін оқи аласың

Оқырман пікірлері (8)

/cancel «Гауһар тас» шығармасын оқи отырып, отбасы, адамгершілік және адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы көп ойландым. Шығармада адамның мінезі, отбасындағы орны мен бір-біріне деген көзқарасы көрініс табады. Менің түсінгенім, әр адамның мінезі әртүрлі болады. Біреуді сырттай бағалау оңай болғанымен, оның ішкі жан дүниесін түсіну қиын. Отбасында бір-бірін түсіну, сыйлау және қолдау өте маңызды. Кейде адамдар жақындарының қадірін түсінбей, олардың көңіліне тиіп жатады. Бұл шығарма маған адамды сыртқы көрінісіне қарап бағаламауды, жақындарымды құрметтеуді және әр адамның бойындағы жақсы қасиеттерді бағалай білуді үйретті. Менің шығармадан түйген ойым адамның шынайы құндылығы оның сыртқы келбетінде емес, мінезі мен адамгершілігінде.

★★★★★

Дулат Исабековтің «Гаухар тас» повесі — отбасылық қарым-қатынастар, адамгершілік пен ішкі жан дүниенің тазалығы мәселелерін терең қозғайтын классикалық шығарма. Оқиға желісі қарапайым ауыл отбасына келін болып түскен мейірімді де инабатты Салтанаттың тағдыры мен төңірегіндегі адамдарға тигізген жылы әсері төңірегінде өрбиді. Автор бұл шығармада қаталдық пен суықтық үстемдік еткен ортада нәзіктік пен өнердің, адами жылылықтың қаншалықты маңызды екенін әсерлі бейнелейді.

★★★★★

Бұл кітап барлығына емес! Бұл жай ғана шығарма емес, бұл жай ғана біреудің өмірі емес. Бұл бір арман - мақсат, өмірге ғашық, бірақ, сол арман - мақсатына жете алмаған адал екі адам жайында! Бірі өз махаббатын жеткізе алмай кеткен жан десек, бірін сол махаббатты сезіне алмай кеткен жан демес артық емес. Өте әсерлі болды мен үшін. Бір деммен оқып шықтым!

★★★★★

Қыз тағдыры туралы тағы бір шығарма.Оқыған жанның сүйікті шығармасы болары сөзсіз.

10/10

★★★★★

Ең қатты жылатын кітап әдемі жазылған

Бүгін мен Гауһартас шығармасын оқып, көзіме еріксіз жас алдым Салтанаттың тағдыры мені терең ойға салдырды Ол өте нәзік, мейірімді, сабырлы жан, бірақ өмірдің қаталдығына төтеп бере алмай, өз бақытына жете алмады. Шығарма арқылы Дулат Исабеков адам жанының нәзіктігін, махаббат пен түсіністіктің маңызын керемет жеткізген. Кейде адамдар өз жанындағы асыл жандардың қадірін кеш түсіндіретінін ұқтырады Салтанаттың тағдыры арқылы біз бақыттың бағасын және жақын адамдарға деген қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін кеш түсінеміз. Гауһартас– тек бір оқиғалы кітап емес, ол жүректі сілкіндіріп, адамға шынайы жақсылық пен мейірімділіктің қаншалықты құнды екенін сездіретін туынды. Оны оқыған сайын жан дүниең терең ойға бататыны сөзсіз.

Кітап маған қатты ұнады мүлде әдеби кітап оқып көрмегенмін,жүрегіме қатты тиген кітаптардан болды.Қолда бардың қадірін білмейтін емес,жанымдағы адамдардың,өмірдің қадірін түсінетін адам болғым келеді.Мен үшін ерекше кітап болды