Исабековтың ең сүйікті туындыларының бірі. Ауыл өмірі, адамдар тағдыры және жоғалған уақыт туралы мұңды хикаят.
Streak, статистика, достар — тегін баста
**«Дермене» шығармасына пікір (C2 деңгейі):** *«Дермене» шығармасы адам болмысының күрделілігін, табиғат пен адам арасындағы үйлесімді байланысты терең бейнелейтін туынды. Автор оқырманды тек оқиғаның желісімен қызықтырып қоймай, өмірдің мәні, рухани құндылықтар және адамгершілік мәселелері туралы ойлануға жетелейді. Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекеттері арқылы қоғамдағы түрлі көзқарастар мен өмірлік ұстанымдар шебер ашылған. Тілінің көркемдігі мен суреттеу тәсілдерінің әсерлілігі туындының көркемдік құндылығын арттыра түседі. Менің ойымша, «Дермене» – оқырманның дүниетанымын кеңейтіп, терең ойға жетелейтін тағылымы мол шығарма.*
Жусан иісіндегі шығармадағы Аянды қимадым…
"Дермене" "Малым-жанымның садағасы, Жаным -арымның садағасы"- деген мақалға дәл екен. Тоқсанбай ата үшін бір жағы жаным ашыса,бір жағы қуандым.Ары таза Құдайдың алдында да ,немересінің алдында да нағыз ата. Бұндай ақсақалдар қәзірде жоқтың қасы. Кітап бойы дәл атадай толғаныста болдым-ау,ақша мол шықса ,садақаға берсе болар еді сол ұрлатып алған иелеріне арнап ниет етіп деумен болсам,бір жағы мұқтажға берсе дедім,бір жағы мынау Омаш атаға қарап иманға келсе деп мың құбылып оқыдым,соңы мені қуантты ,ата күнәдән таза болды десем,еңбегі мен уақытына күрсіндім.
Дермене – өте қызықты кітаптардың бірі, бір жылап, бір күліп те алдым. Тек Омаштың қарияны алдап кеткені, Омаш алдағанын біле тұра, адамгершілікпен үйіне қонақ болуын сұраған қарияға жаным ашып, жүрегім езіліп, көзімнен жас кетпеді. Немересінің болашағын ойлаған атажан ұлын да сағынып жүр, кемпірі де күндіз-түні ұйықтамай, өмірі немересіне алаңдаумен өтуде. Шығармадан түйгенім — адалдық әрқашанда адал болып қалуы керек.