Дайағашшы

Ұларбек Нұрғалымұлы

📖 26 оқырман оқыды · 14 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Оқырман пікірлері (2)

Ең басында кітапты таңдағаныма қателескен сияқты болдым… Бірақ оқыған соң қателеспегенімді ұқтым. Қайта бұл шығарманы таңдағаныма қуандым. Керісінше нағыз қазақи таным тәрбие,ар ұят,нағыз құдайдан қорқу сол бұрынғы көшпенді халық қайран қазақта болғандай… Әр дүниесінен абай болғанын ұқтым. Кісі ақысынан абайлау,Алланың тағдырына бойұсыну т.б көөптеген үлгі өнеге пайғамбарымыздың сүннетімен астасып жатқанын тұла бойыммен де,ойымменде сезіндім. Ішінде нағыз өмірлік дүниелер күліпте,көңілің босапта қалатын сәттері жоқ емес… Қайран көңілге қараған қазағым - ай… Өмірге қазіргідей иллюзиямен емес шынайы қарағаны… Жәй ғана кітапты алып оқып көру кк деген ұйғарымға келдім… Автордың өзінің әдемі жеткізу шынайылыққа негізделген стильі бар… Ол кісі де өзінің өмірде әр оқиғадан өзінің түйгенін,сабақ алған тұстарын кітапқа енгізгенін байқайсың… Ойлайтын едім бізге жақсы әдеби жазушылардың шығармалары бар оқып жүрміз бірақ бір алаңдатқан дүние бар еді… Бізден кейін келетін ұрпаққа біз қандай дүние қалдыра алып жатырмыз,бар ма екен өзі деп уайымдап едім… Енді уайымдауға негіз жоқ секілді. Осындай да әдемі туындыларды көріп жүрегің жылып сала береді. Нағыз қазақи дүниетанымға арналған шығарма… Сүйсіндім

Ұларбек ағамыздың Дайағашшы кітабын көптен оқығым келіп жүрген еді ,соның сәті түсіп, қас пен көздің арасында аяқтап та үлгердім .Біздің жоғалып бара жатырған қазақылығымыз ,кеңдігіміз ,дархандығымыз. ар ұятын бірінші орынға қояын ұлы мінезіміз баяндалған бұл туындыда. Көнеріп қолданыстан шығып бара жатырған сөздеріміздің мағына ашылып жазылған бұл кітап та, ән мен жырымыздыңда бұл кітап та мәртебесі биік.