Честь
Fiction

Честь

Элиф Шафак

Две сестры-близнеца родились в селе на границе Турции и Сирии, где девушек ценят за чистоту и послушание, где неподобающее поведение женщин может послужить поводом для убийства во имя чести. Ведь честь зачастую — это единственное, что осталось у мужчины-бедняка. Одна из сестер — Джамиля — становится…

📖 8 оқырман оқыды · 5 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Оқырман пікірлері (1)

27.01.2025. осы жылдың ең алғашқы кітабын бітірдім. оқығаным роман. Элиф Шафак. Честь. 480 бет. орыс тілінде. кітаптың айтары көп. әке мен жұбайы рөлін қатар атқарып жүргендердің теріс әрекетін кейіпкерге сомдатып шыққан. бұл рецензияны оқи беріңіз, мен тек триллер көрсетемін де, интрига қалдырамын, әрі қарай өзіңіз көресіз. кітаптың толық мазмұнын һәм мәнін айту ойымда жоқ, тек өз көргеніммен тоқтаймын. Түркияда тыныш өмір сүріп жатқан отбасы Англияға көшіп келіп, әкесіне талай күнәларға жол ашылады. жұмыстан кейін үйіне барудың орнына казинода көңіл көтеру, әйелімен саяхаттаудың орнына жезөкшелерге саяхаттау. сөйтіп 1-2 күн үйде болып, тәтті іздеумен қайтадан жылдап жоқ болады. бұлай жасауына себеп — махаббатсыз үйлене салуы еді. Анасы 3 баласын өзі асырап, барлығына төзіп жүреді. жолдасынан хат-хабар болмаған әйелі жүрекке дауа болар шын ерді қалайды һәм ешкімге тіс жармай кездесіп те жүреді. оны көріп қойған 16 жасар үйдің үлкені, әрі әкеден кейінгі әке болған Ескендір баласы анасына пышақ сұғып, бақилыққа аттандырады. Анасын өлтіремін деп ойламаған бейкүнә бала отбасының абыройын әке жоқта таптатқысы келмегеннен, оның үстіне ашуы отқа май құйғандай әсер етіп осындай іске барады. бұл баланың кінәсі емес, жай ғана тәрбие бере алмаған ата-ананың гүлдеп шыққан жемісі еді. аялдамаға тоқтадық, сізді осы жерде қалдырамын. бұл әлі соңы емес, біраз бар. оқып көріңіз, кеңес етем. жалпы Шафак әпкемнің еңбегі ұнады, қаламы ұштала берсін. кітаптың берген сезімін соңғы рет Мартин Иденді оқығанда алғам, бірақ ешқашан 2-3 сағат бойы тапшылмай бір жерде отырып кітап оқымағам, ал бұ кітап оқытқызды. Түйгенім: 1) жайдан жай түр-әлпет үшін үйлене салуға "категорически запрещено", ағалардың ертең түр ойнамай қалады дегені рас боп тұр. сұлуынан жылуы. әлгі жігіт жас кезінде ғашық боп үйлене салғантұғын. енді азабын көрді. сондықтан отбасы деген ұғымды зерттеу керек. қазақы танымда кімнің рөлі қандай, кім не жасауы керек деген сұрақтармен мазаланып, әйеліңмен құшақ астында жатудан бұрын, отбасыны құшағыңа алу жайында ойлан. әйтпесе жаңа айтқан отбасының шаңырағы не болғанын көрдің. 2) үлгілі әке мен нағыз ер. автор осы отбасының азап өмірін суреттеп кеткен соң, үлгі боларлық отбасыны көрсете салды. әйелі және баласымен мәмілесіне кез-келген адам ғашық болады. үйленген кездегі құрмет мен сыйластық 10-20 жылдан соң да қирамай қаз қалпында сақталған. ешқашан әйеліне дауыс көтермеген, баланың ішкі жан дүниесін терең меңгерген керемет әке һәм жолдас бола білген біртуар азаматқа кезіккен әйел бақытты. сондықтан әйел жамағатына кеңес: сау ерге тұрмысқа шығу керек. ауруларды емдеп аламын деу қате, өйткені жазылмайтын аурулар да бар. тақырып "честь" — абырой, ар-намыс жайында. барлық проблемаға түрткі болған осы абырой еді, яғни басқалардың алдындағы абыройы. әйел, бала-шағасын ұрып соққан соң абыройы түскен адамның казино, арақ-шарап секілді қызық қууы абыройсыздықты уақытша ұмыттыратын дәрілері еді. бұл уақытша қызықтар — жай ғана салдары. абыройсыз сезінуіне әсер еткен — отбасымен мәмілесі. кез-келген адамның отбасына деген мәмілесін көріп-ақ тұлғалығына баға беруге болады. отбасы — бұл адамның ішкі жан дүниесі сияқты, ішің сұлу болса сыртың да сұлу болады, ал сыртың сұлу болса ішің сұлу болуы екіталай(біз осы жерде сыртқа көп алданамыз). сол секілді отбасың сұлу болса оның сыртқы әлеммен, қоғаммен байланысы да сұлу болады тақырып аясы АБЫРОЙ болса не үшін неке жайында көп айттың? ботам, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. қазір ауырып жүргендердің талайын көз алдымызға салып қойды, енді тек солардан сабақ алу ғана қалды. оқиғадағы күйеуінің ауыруы — ғашықтықпен қосыла салуы еді. сондықтан ол секілді ауырмай, неке жайлы білім жинап, оның қателігін қайталамайтын жолмен жүруіміз керек. ал бұл сұмдықтың барлығына себеп — қате неке екені көрініп-ақ тұр...