Streak, статистика, достар — тегін баста
Шерхан Мұртаза "Бір кем дүние" Бұл шығармада автор қоғам,уақыт, әділет, адалдық және ұлт тағдыры туралы ойларын қысқа, нақты әрі астарлы тілмен жеткізеді. Өнер- ұзақ Өмір-қысқа Төзім тамаша сипат. Бірақ шексіз ұзақ төзуге өмір тым қысқа ғой. Ораза-тек ашығу емес. Ораза-жақсы мінез қалыптастыру. Тәрбиелі тақуа болу Кедей-бай, бай Құдай болсам дейді Нысапсыздық жаман Бір кем дүние Біреулерге Құдай бәрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу-маржан — бәрі бар. Төрт құбыласы сай. Бірақ Иман жоқ. Ең сорлы адам сол. Кітапта осы заманның көптеген мәселелері берілген. Кейбір шындықты астарлап жеткізген. Бағам:⭐️⭐️⭐️⭐️⭐️
Несіне тырбаңдаймыз. Бәрі де өтеді. Өтпейтін тек уақыт қана. Адамдар: «Уақыт өтіп барады», – деп өкінеді. Шынында өтіп бара жатқан уақыт емес, өмір өтіп барады. Ал уақыттың басы да жоқ, аяғы да жоқ. Уақытты жылға, айға, сағатқа, минөтке, секөнтке, ғасырға бөліп жүрген адамдар ғой. Уақыт – мәңгілік. Мәңгілік басталмайды да, аяқталмайды да. Бәрін бір Алла біледі. Алла білімі шексіз. Білімі шектеулі адамдар. Бір кем дүние.