Streak, статистика, достар — тегін баста
іштегі құндылықтарына берік болып, осы өмірге келген миссиясын толығымен орындап, қоғамға, адамзатқа пайдасын тигізгісі келетін әр тұлға оқу керек!
Бұл кітап бір адамның өмірін баяндамайды. Бұл кітап қалай дұрыс өмір сүру керек екенін үйретеді. Бір рет қана оқитын емес қайталап оқиберетін мықты кітап
Бейсен Құранбекті тек қана« Айтуға оңай»жүргізуші деп емес жан-жақты етіп таныдым.Болмысын білдік ,49жылда біршама адамның жүрегіне жол салған АҚЖҮРЕК кісі екен деп таныдым
10/10 Қазіргі өмірдің мәні және болмысыңды қай бағытқа өзгертуің жайында
Бейсен ағаны бала кезімізде айтуға оңайда көргенді қандай керемет жүргізуші, халық үшін шын жанашыр адам деп ойлайтынмын. Бұл кітапты оқып құрметім артты. Кітаптағы отбасының 8 қағидасы қатты ұнады. Әр отбасында ондай өзіндік қағидалары болуы керек екен. Ата-әжесінің тәрбиесі мен сол алған тәрбиені саралап түсіне білген Бейсен аға 😍 Ол кісінің бойындағы бүкіл қасиеттер: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, мейірім, махаббат, әділдік, уәдеге беріктік әр адамның бойынан табыла бермейді. Ер азаматтар міндетті түрде оқуы қажет кітаптың бірі! Бірақ қыз балаларда ішінен алары мол.