Бекет
Soviet Union

Бекет

Дулат Исабеков

📖 76 оқырман оқыды · 59 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Оқырман пікірлері (6)

★★★★★

Кітап атауы басты кейіпкер Бекет атымен аталған. Оқиға екі бауыр арасындағы Нүркен мен Бекет туралы, олардын бір-біріне бауырмашылығы туралы жазылған. 100 беттей ғана тұрады.Оқуға кеңес берем.

бекетті оқи отыра, бауырдың қадірін сезіне бастайсың. Бекеттің аға да әке орнына әке де шеше де бауырда болу жүректі елжіретеді. Нұркенге деп өзіне алмаған кимеген киімдерді алып беруі, өзі оқымаған оқуды оқытуы жүректі елжіретеді. Мен үшін Нұркеннің ғашық болған қызына бола ағасын тастап кетуі эгоизм болып көрінді. Бекет жаныыыым милашка ғой😭💔💔

Дулат Исабеков “Бекет” Шығармада басты кейіпкер-Бекет-жас кезінен ақ,барлық жауапкершілікті өз мойнына алып,бауырын оқыту үшін,өз оқуын тастап жастайынан жұмысқа жегілген,қиындықтан өзін шығара білетін адам бейнесі.Оның бала кездегі қателіктері,анаға деген жылулықты сезіне алмаған жас кейіпкердің ішкі өсуі,адамгершілігі терең бейнеленген шығарма. Дулат Исабековтың барлық шығармасы-жүрекке жылулық ұялататын,жылауға тұрарлық кітап. Бұл туынды оқырманды терең ойға жетелеп,отбасы мүшелері арасындағы сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің маңыздылығын ұғындырады.

Жалпы Дулат Исабековтің шығармалары басынан өзіне елітіп әкетеді ,бұл шығарма маған өте қатты ұнады және мен бұл шығарма арқылы бауырларымның (ағаларымның)қадірін түсіндім.Шығармада Бекеттің Нұркен үшін өмірін ,жастық шағын құрбан еткенінен оның қаншалықты бауырмал екенін байқауға болады ал Нұркеннің қыз үшін Бекетті тастап кеткенінен оның қаншалықты өзімшіл екенін байқауға болады. Менің ойымша Нұркеннің жасағаны дұрыс емес себебі Бекет ол үшін болашағын құрбан етті інім оқысын, көрсін ,білсін ,жақсы киімді де соған берді жарқырап жүрсін деп.Ал Нұркен жақсы көрген қызын ағасының қасынан көргісі келмей ұзақ уақытқа жоқ болып кетті .Тіптен бірінші өзі іздемеді де мүмкін Бекет хат жазбағанда мүлдем хат хабарсыз кетер ма еді.

Бұл кітап маған өте ұнады. Бұл жерде Бекет інісі Нұркеннің қызына ғашық болып қалады. Сол кезде Нұркен сүйген қызын ағасының қасында көргенде жүрегі қақ айырылады. Соңында Нұркен Гүлмира деген қызға үйленеді

Бекет- аялдама. Әр адамның өз тоқтар жеріне, жетер жеріне арналған бекеті бар. Бекеттің бауырмалдығы бөлек әңгіме. Өмір жолында өз арнасын бөлек бағытқа бұратын жандар болады. Туған бауырың болса да, балаң болса да, өз бекетіңнен түсіп қалып, басқа үшін жанталасудың қажеті қанша? Нәтижесі қандай? Бас кейіпкер Бекет өз бекетінен тым жырақ көрінді.