Становление таланта достигает определённого уровня, неизбежно в последующем принимая далеко не те черты, которые желается видеть. В плане понимания способности критически мыслить 2015 год стал особым, позволив рассматривать литературные произведения в свете их привязки к особенностям быта человеческ…
Streak, статистика, достар — тегін баста
Бұл кітап мен үшін өте әсерлі, ойландыратын туынды болды. Оқып болғаннан кейін біраз уақыт бойы әсерінен шыға алмай жүрдім. Кітаптағы ең үлкен ой салған тақырып — еркіндік. Біз үшін қалыпты нәрсе болып көрінетін еркін жүру, кей адамдар үшін ең үлкен арман екенін осы шығарма арқылы терең сезінесің. “Афганистане много детей, но мало детства”- осы сөздер сәл жүрегімді ауыртты. Ересектердің “ойындары” жазықсыз жандардың, әсіресе сәбилердің, тағдырын талқан еткені жанға батады. Біздің ата-бабаларымыз да небір соғысты, қиындықты бастарынан өткерді. Бүгінгі күнгі еркіндік оңай келген жоқ. Ал біз сол еркіндіктің құнын қаншалықты түсініп жүрміз?.. Шығармада дін мәселесі де астарлы түрде көрінеді: оның бір қыры — мейірім мен әділетке бастайтын рухани күш болса, екінші қыры — адам қолында бұрмаланып, зорлық пен билікті ақтауға қолданылатын құралға айналуы. Бұл қарама-қайшылық адам санасының жауапкершілігін айқын көрсетеді.