Қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. Қазақ әйелінің ауыр тағдыры, еркіндік пен бақыт іздеу туралы. 1910 жылы жазылған.
Streak, статистика, достар — тегін баста
Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі әрі қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелерді батыл көтерген шығарма. Романда сол кезеңдегі қазақ әйелінің тағдыры, ескі салт-дәстүрдің адам өміріне әсері, теңсіздік пен әділетсіздік мәселелері суреттеледі.
Бағұс Жамалдың тағдырын-ай, жаным ауырды, жас келді көзіме. Өте қиын өмір. Осы сәбет өкіметі кезіндегі әкелер мен еркектердің көбі неге осындай өз қыздарын ақшаға мал сияқты сатып, олардың мөлдіреген көздеріне қарай-қарай жаны ашымай біреудің қойынына қалай берген. Неге соншалықты есуас болған, неге соншалықты мейірімсіз болған. Әйтпесе өз қыздары ғой.😢
Білгенге - ишара сөз жетер деген, Білмеске - сөзі қор боп кетер деген. Есекке арғымақты қосақтасаң, Өтпей ме ғұмыр зайғы бекер деген. — 13-бет