Аяжан

Бердібек Соқпақбаев

📖 14 оқырман оқыды · 11 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Мыналарды PARAQTA-да тегін оқи аласың

Оқырман пікірлері (1)

Бердібек Соқпақбаевтың қай шығармасын алып қарасаң да, адам жанын жылылыққа орап, жүрегіңді бір ерекше сезімге бөлейді. Оның туындыларын оқығанда, еріксіз балалық шаққа сапар шегіп, қайтадан бала болып кеткендей боласың. Бүгін оқыған шығармам – “Аяжан” повесі. Қала қызы Аяжанның ауылдағы туыстарына қонақ болып келіп, ауыл тұрмысымен танысуы өте әсерлі суреттелген. Ауыл адамдары үшін күнделікті іс болып көрінетін дүниелер - балық аулау, нан пісіру, сиыр сауу - Аяжан үшін үлкен жаңалық. Осылайша ол ауыл тіршілігінің қыр-сырын үйреніп, өзіне көп нәрсе түйеді. Кішкентай Зәуреге ақыл айтып, тентек Нұрдәулетті жөнге салуға тырысады. Ал өзі секілді зерек Оразбен дос болудың маңызды екенін түсінеді. Ораздың Майлыаяқ есімді итінің ақылдылығы, иесіне деген адалдығы ерекше әсер қалдырады. Осы тұста атасының “Адам да жоқ ақыл, мал да болады” деген сөзі еріксіз еске түседі. Повесть соңында суықтың кесірінен құлағы естімей қалған Ораздың анасының: “Өліп едім – тірілдім, өшіп едім – қайта жандым”, – деген сөзі жаныңды терең тебірентеді. Расында да, денсаулық – Алланың бізге берген ең үлкен сыйы. Бар кезінде қадіріне жете бермейтініміз рас, ал он екі мүшенің бірі кем болса, адам өміріндегі ең үлкен бақыттың жоғалғаны деп түсінесің. Сондықтан барыңды барында бағала. Ал Аяжанның “Болашақта кім боламын?” деген сұрағына әкесі Дәрубайдың берген жауабы ерекше ой салады: “Мамандықтың ішінде жаманы жоқ. Кім болсаң да бол. Ешкім бола алмай қалсаң – ең жаманы сол”. Ешкім болудан Құдай өзі сақтасын. Өмірге келген әр адамның өзіндік арман-мақсаты болады. Ешкім болмай, сол арманды орындауға, мақсатты жүзеге асыруға тырысайық. Алла қолдасын бізді🔆 🔆